Қарағанды облысында сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қазан 23, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қарағанды облысында сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр

23.10.2025
0
Қарағанды облысында сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр

Қарағанды облысында қайтарылған активтерден түскен қаражат сумен жабдықтау жүйелерін дамытуға және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталды. Бұл мақсатқа Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Арнаулы мемлекеттік қордан 5 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді.

Өңірде тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында тоғыз жоба жүзеге асырылуда.  Халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ірі су құбырлары мен елді мекендер ішіндегі су құбыры желілерінің құрылысы басты назарда тұр. Солардың бірі – биыл мамыр айында құбыр тарту жұмыстары басталған Осакаров ауданындағы Колхозное ауылы. Құрылыс жұмыстары қараша айында аяқталуға тиіс. Желілер пайдалануға берілгеннен кейін 400 ауыл тұрғыны сапалы ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

«Бізде 20 жылдан астам уақыттан бері су құбыры болған жоқ. Суды ұңғымадан тасимыз. Енді міне, биыл бізге жаңа су құбырын салып жатыр. Бұл тұрмысымызды едәуір жеңілдетпек», — деді ауыл тұрғыны Ольга Сандалиди.

Сондай-ақ облыс орталығында сумен жабдықтау бойынша ауқымды жобаларды жүзеге асыру жұмыстары жалғасып жатыр. Қайтарылған қаражаттың арқасында қаладағы маңызды инфрақұрылымдық мәселелер шешімін табуда.

Ірі жобалардың бірі – Терешкова айналымынан екінші аймақтағы (Шығыс-5 ауданында) сорғы стансасына дейінгі су тарту желісінің құрылысы. Желілерінің ұзындығы – 7 шақырым. Жаңа нысан Майқұдық, Жаңа қала және Михайловкадағы 200 мыңнан астам тұрғынды тұрақты түрде ауыз сумен қамтамасыз етпек.

Сондай-ақ қайтарылған активтер есебінен Жаңа Тихоновка мен Ескі Тихоновкада су құбыры желілерінің құрылысы жүргізіліп жатыр. Жаңа Тихоновкада ұзындығы 20 шақырымнан асатын жаңа су құбыры желілері тартылуда. Бұл 4 мыңға жуық тұрғынды орталықтандырылған су жүйесіне қосуға мүмкіндік береді. Ескі Тихоновкада 4 шақырымнан астам желі тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр – нәтижесінде 146 үйге су тартылады.

Қазан айының соңына дейін барлық бағыт бойынша құрылыс және монтаж жұмыстарын толық аяқтау жоспарланған. Қараша айында желілерге гидравликалық сынақ жасалып, залалсыздандыру шаралары жүргізіледі. Осыдан кейін тұрғындар техникалық шарттарды алып, су жүйесіне қосыла алады.

Аталған жобалар жүзеге асырылғаннан кейін қарағандылықтар 100% ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен су құбыры желілері салынып жатқан басқа да елді мекендер қатарында Қарқаралы ауданының Ақтерек ауылы, Теміртау қаласындағы Соцқалашық, Оң жағалау, Сол жағалау және Ескі қала аудандары, Абай ауданының Садовое ауылы, сондай-ақ Көктеңкөл стансасы (№56 разъезд) және Шет ауданындағы Әлихан ауылы бар. Барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астаналық шағын ауданның 300-ден астам отбасы табиғи газға қосылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада еліміздің 20 үлгілі отбасы марапатталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.