Астанада еліміздің 20 үлгілі отбасы марапатталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қазан 24, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада еліміздің 20 үлгілі отбасы марапатталды

23.10.2025
0
Астанада еліміздің 20 үлгілі отбасы марапатталды

Астанада Республика күні қарсаңында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Байқауға еліміздің барлық аймағынан келген өңірлік кезеңдердің жеңімпаздары қатысты. Олар – көпшілікке үлгі көпбалалы, еңбек адамдары және шығармашыл отбасылар.

Іс-шараға Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, ҚР Парламенті депутаттары, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қазақстандық отбасыларды қолдауға бағытталған ауқымды жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Азаматтардың әлеуметтік жағдайы жақсарып, ана мен баланы қорғауға ерекше көңіл бөлінгенін де сөз етті.

«Президентіміз биылғы Жолдауында да азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға арналған маңызды міндеттер жүктеді. Мұның бәрі еліміздегі әр отбасының өміріне оң ықпал етуді және азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды көздейді. Сонымен қатар кейінгі жылдарда бұл салада кешенді бастамалар табысты қолға алынғанын да атап өткен жөн. Нақты айтқанда, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды. Жас буынның сапалы білім алуын қамтамасыз ету мақсатымен «Келешек мектептері» сияқты жобалар жүзеге асырылуда.
Білім беру процесіне цифрлық технологияны енгізуге арналған іргелі істердің де мәні зор. Сонымен қатар, ана мен бала денсаулығын сақтау, олардың құқығын қорғау басты назарда.
Балалы отбасыларды қолдау шаралары нығайып, сәби күтімі үшін өтемақы төлеу мерзімі де ұзартылды», – деді Сенат Төрағасы.

«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – рухани және отбасылық құндылықтар мен отбасы институтын нығайту мақсатында 2014 жылы бастау алған бірегей жоба. Осы жылдар ішінде байқауға 20 мыңнан астам қазақстандық отбасы қатысты.

Биыл байқау он екінші рет өткізіліп отыр. Оған еліміздің барлық өңірінен 3434 өтінім түскен. Әр өңір бойынша жеңімпаз анықталып, барлығы 20 отбасы марапатталды. Оларға естелік мүсіншелер, дипломдар мен 1 миллион теңге көлемінде ақшалай сертификаттар табысталды.

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ – 2025» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ:

Айтқожиндер отбасы – Астана
Дүйсебаевтар отбасы – Алматы
Нұртаевтар отбасы – Шымкент
Мекебаевтар отбасы – Ақмола облысы
Төремұратовтар отбасы – Ақтөбе облысы
Бекдайырлар отбасы – Алматы облысы
Үтеповтар отбасы – Атырау облысы
Жақыповтар отбасы – Шығыс Қазақстан облысы
Бектасовтар отбасы – Жамбыл облысы
Суюңгараевтар отбасы – Батыс Қазақстан облысы
Ключниковтер отбасы – Қарағанды облысы
Егамбердиевтер отбасы – Қостанай облысы
Абсадиұлы отбасы – Қызылорда облысы
Шолтамановтар отбасы – Маңғыстау облысы
Үзбековтар отбасы – Солтүстік Қазақстан облысы
Тұрсынбаевтар отбасы – Павлодар облысы
Молдабековтар отбасы – Түркістан облысы
Сыдықбаевтар отбасы – Абай облысы
Бектеновтар отбасы – Жетісу облысы
Қапбасовтар отбасы – Ұлытау облысы

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қарағанды облысында сумен жабдықтау және коммуналдық инфрақұрылымды дамыту жобалары жүзеге асырылып жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Абай Құнанбайұлының жеті тілге аударылған кітабының тұсауы кесілді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.