Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қазан 27, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

25.10.2025
0
Қызылорда облысында Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті

Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында өткен мерекелік салтанатты шарада облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақ тұрғындарын Ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтап, өңірдің даму бағыттары мен жетістіктеріне тоқталды.
«Баршаңызды ұлттық мерекеміз – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын маңызды мереке.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн. Көк түріктер дәуірінен, Алтын Орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тапқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн» – деген еді.
Бабаларымыздың арманы болған азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау – бәріміздің басты мұратымыз», – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі өз сөзінде өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы оң өзгерістерге де назар аударды.
Биыл облыстың жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн. теңгеден асады. Соңғы үш жылда аймақ экономикасына 1 триллион 600 млрд. теңге инвестиция құйылса, осы жылы 720 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылады. 2025-2028 жылдары құны 2 трлн. теңгеден асатын 89 инвестициялық жоба аясында 11 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады.
Президент пенҮкіметтің ерекше қолдауымен облыс бюджеті
851 млрд. 300 млн. теңгеге жетіп, 2022 жылдан бері 233 пайызға өсті. Оның 56 пайызы әлеуметтік салаға бағытталды. Даму бюджетінің көлемі 2021 жылы 47 млрд. теңге болса, биыл 207 млрд. теңгеге жетіп, 4,5 есе артты.
Бұл қаражат халықтың өмір сапасын арттыруға, жаңа инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға және өңірдің өзекті мәселелерін шешуге бағытталуда.
Республика күніне арналған салтанатта ел дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар азаматтарға мемлекеттік наградалар табысталды.
Мерекелік іс-шара облыс өнерпаздарының концертіне ұласты.
Республика күні – ел бірлігі мен тәуелсіздіктің нышаны.
Қызылорда облысы ұлттық мерекені толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен және елдік рухты асқақтатқан қуанышпен қарсы алды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Республика күнімен құттықтауы

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ФЕРМЕРГЕ ЖҮКТЕЙТІН ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ДЕ МОЛ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.