Алматыда Республика күніне орай төрт жаңа мектеп ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Қаңтар 31, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Алматыда Республика күніне орай төрт жаңа мектеп ашылды

27.10.2025
0
Алматыда Республика күніне орай төрт жаңа мектеп ашылды

Мегаполисте Республика күніне орай бірден төрт заманауи жалпы білім беретін мектеп салтанатты түрде ашылды. Солардың бірі – Медеу ауданында орналасқан, жобалық қуаты 2 мың оқушы орны болатын №220 жалпы білім беретін мектеп.

«Бұл жалпы білім беретін мектеп өз шағынаймақтағы орын тапшылығын толық жабады. Жалпы, 1 қыркүйектен бері қалада 12 жаңа мектеп ашылды. Республика күніне орай осы аптада тағы төрт білім беру мекемесі пайдалануға беріледі. Бесінші мектеп – қараша айында, ал тағы сегізі – жыл соңына дейін «сатып алу» тетігі арқылы іске қосылады», – деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков.

Оның айтуынша, мегаполисте биылғы оқу жылында барлығы 24 мектеп ашылады, соның ішінде 21 мектеп «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынып жатыр.

«Бұл тарихи максимум. Бұған дейін бір оқу жылында мұншама жаңа мектеп пайдалануға берілмеген. Мұның барлығы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған «Келешек мектептері» ұлттық жобасының арқасында жүзеге асты», – деді Азамат Қалдыбеков.

№220 мектеп заманауи үлгіде салынған, оның құрамында 83 оқу кабинеті, 4 спорт залы, сондай-ақ асхана, кітапхана, медициналық пункт, конференц-зал, спорт алаңы, теннис корты, волейбол және баскетбол алаңдары бар.

«Ғимарат қозғалысы шектеулі адамдар үшін толық бейімделген. Барлық кабинет интерактивті тақталармен және оқу материалдарымен жабдықталған. Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелері мен дабыл батырмалары орнатылған», – деді мектеп директоры Манат Әшірбекова.

Айта кету керек, Республика күніне орай Алматыда Наурызбай ауданындағы Құрамыс шағынауданында орналасқан №219 жалпы білім беретін мектеп те есігін айқара ашады. Білім ордасында 1 500 оқушыға арналған 79 оқу кабинеті бар. Биыл 1-сыныпқа 80 оқушы қабылданды. Оқу-тәрбие үдерісін 26 педагог жүргізеді.

Сондай-ақ Наурызбай ауданының Шұғыла шағынауданында орналасқан №221 жалпы білім беретін мектеп жұмысын бастайды. Білім ордасында 2 500 оқушы орнын қамтитын 125 оқу кабинеті бар. Бүгінде 1 722 оқушы қабылданған. Оқу-тәрбие үдерісін жоғары кәсіби деңгейге ие 74 педагог қамтамасыз етеді.

Бұдан бөлек, Алатау ауданында орналасқан №222 жалпы білім беретін мектеп те ашылады. Білім ордасында 2 мың оқушы орнын қамтитын 96 оқу кабинеті бар. Бүгінде 700 оқушы қабылданды. 1-сыныпқа 41 бала қабылданған. Білім беру үдерісін 44 педагог жүргізеді.

Барлық жаңа мектеп заманауи жабдықтармен, кең сыныптармен, спорт және шығармашылық залдармен, сондай-ақ еңбек кабинеттерімен қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдары осы оқу жылының екінші тоқсанынан бастап оқушыларды қабылдауға толық дайын.

Алматы қаласының дамуы аясында жергілікті бюджет есебінен 550 орындық тағы бір мектептің құрылысы жүргізілуде, сондай-ақ Алатау ауданында 900 орындық «Абыро́й» жеке мектебін және Наурызбай ауданында 1 200 орындық жаңа жеке мектепті сатып алу жоспарланып отыр.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

25 қазан – Республика күні: Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 709 бала дүниеге келді

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Гранттар, практика, жаңа жұмыс орындары: Астанада халықты жұмыспен қамту бойынша қандай жұмыс жүргізіліп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.