Ел тарихы – ұлттың рухани айнасы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қазан 30, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Ел тарихы – ұлттың рухани айнасы

27.10.2025
0
Ел тарихы – ұлттың рухани айнасы

Қанатбек БЕГЕНҰЛЫ, тарихшы:

Ақтаңдақ жылдардың ақиқаты ашылып, зұлмат кезеңнің тарихы жан-жақты зерттеліп келеді. Қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия бұрын құпия сақталған архив деректерін жинақтап, ғылыми айналымға енгізу үстінде. Осыған байланысты біз тарихшы Қанатбек Бегенұлымен әңгімелескен едік.

– Алаш идеясы — қазақ руханиятындағы ең асқақ әрі мызғымас құндылықтардың бірі. Сіздің жас ғалым ретіндегі көзқарасыңызбен алғанда, Алаш ұғымы қазақ халқына қандай игіліктер мен рухани сабақ берді деп ойлайсыз?

– Алаш идеясы-қазақ халқының ұлттық санасын оятқан,  тәуелсіздікке,  бірлікке,  білім мен өркениетке ұмтылуға жетелеген ең ұлы идеялардың бірі болды. XX ғасыр басындағы Әлихан Бөкейхан,  Ахмет Байтұрсынұлы,  Міржақып Дулатұлы бастаған Алаш қайраткерлері-қазақтың дербес ел болуын армандады.  Сол жолда аянбай еңбек етті. Білім мен ғылымды басты назарда ұстады. Оған дәлел,  олар қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтарды жазып,  газет-журнал ашып,  баспасөз ісіне де өз үлестерін қосқан болатын. Сонымен қатар,  ел басқарудағы әділетті қоғамның негізгі тетіктерін айқындап берді.  Оған Алаш партиясының бағдарламасы нақты мысал бола алады.  «Алаш» партиясының бағдарламасы – алғаш рет 1917 жылдың қарашасында «Қазақ» газетінде жарияланған бағдарлама. Оны жасаушылар Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е,Ғұмаров, Е.Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев және Ғ.Бірімжан. Бағдарлама мынадай тараулардан тұрды:  1.Мемлекет қалпы, 2. Жергілікті бостандық, 3. Негізгі құқық, 4. Дін ісі, 5. Билік һәм суд, 6. Ел қорғау, 7. Салық, 8. Жұмысшылар, 9. Ғылым-білім үйрету, 10. Жер мәселесі. Бұл бағдарлама тарихи құжат болып саналады.  Өзінің мақсаты мен мазмұны жағынан сол замандағы қоғамдық-саяси құжат екенін анық байқаймыз.  Жалпы, Алаш ұғымы-қазақтың қазақ болуына,  ұлт ретінде сақталып,  тәуелсіз ел болуына жол ашқан идеяның бірегейі деп айтуымызға болады.

– Бүгінде, шынын айту керек, Алаш тақырыбына байланысты жалған не дәлелсіз деректер көп тараған. Соның салдарынан шындық пен өтірікті айыру қиындап барады. Мысалы, «Әлихан Бөкейхан 9 тіл білген» деген мәлімет жиі айтылады. Бұл ақпараттың шындыққа қаншалықты сай келетінін қалай бағалар едіңіз? Омбы мен Петерборда білім алған адамның соншалықты көп тілді меңгеруі мүмкін бе? Жалпы, мұндай дерек қайдан пайда болған деп ойлайсыз?

– Қазіргі таңда тұлғаларды асыра мадақтап,  түрлі культ жасағысы келіп жүргендер көп.  Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның 9 тіл білгені туралы дерек толықтай дәлелденбеген.  Мұны шындыққа жанасады деп айта алмаймыз.  Себебі,  Әлихан Бөкейхан 1922 жылы өз қолымен толтырған сауалнамасында тек қана қазақ және орыс тілдерін білетіндігін айтқан. Егер Әлихан Бөкейхан 9 тіл білетіндігі рас болса сол 9 тілде түрлі еңбектер жазып қалдырушы еді ғой. Тек қана Әлихан Бөкейхан ғана емес,  бүгінгі күні басқа да Алаш қайраткерлерін көп тілді меңгерді деген әңгіме өрбіп жүр.  Алаш қайраткерлерінің көп тілді меңгергенін нақты айту үшін,  архивтік құжаттар тауып,  немесе басқа тілде жазылған еңбектері болған болса оны іздеп,  дәлелдеп көрсету қажет.

– Бүгінгі күнге дейін біз Алаш қайраткерлерінің өмірі мен еңбегін толық танып, әділ бағасын бере алдық па? Уақыт Алаш зиялыларын өз деңгейінде бағалады ма?

– Алаш қайраткерлерін біз толық танып біттік деп айту әлі ерте. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана олардың есімдері ақталып, еңбектері зерттеле бастады. Қазіргі таңда Алаш қайраткерлерінің бізге белгілісі 800-1000 аралықта ғана.  Кейбіреуінің есімі белгілі болғанымен,  олардың өмірі мен қоғамдық-саяси және т.б қызметі белгісіз. Алаш зиялылары өзінің лайықты бағасын әлі күнге дейін толық түрде алмады.  Себебі ЖОО дарында алаш қайраткерлерінің жазып қалдырған еңбектері оқытылмайды.  Насихатталу деңгейі енді-енді қарқынды түрде жүріп жатыр.  Алаш арыстары өзінің лайықты бағасын алу үшін,  мектеп бағдарламасына,  ЖОО дарына пән ретінде толықтай  енгізу қажет.  Сонымен қатар,  Алаш оқымыстылары биология,  химия,  физика,  экономика,  география және т.б салаларға қатысты жазып қалдырған еңбектерін оқыту қажет.  Себебі,  олар ғылым-білімнің әр саласын қалыптастырып кеткен еді.

– Алаш қайраткерлері еңбектерінің жас ғалымдардың тарапынан зерттелу жағы қалай. Көңіліңізден шыға ма?

– Алаш қайраткерлерін зерттеп жүрген жас ғалымдар өте көп.  Мен білетін жас ғалымдардан Жауынбай Жылқыбайұлы,  Ертай Біләл,  Ерден Нұрахмет ағаларымды айта аламын.  Жас алаштанушы ғалымдар ретінде алаш қайраткерлерін зерттеуде өзінің үлесін қосып келеді.  Жауынбай Жылқыбайұлы Торғай топырағында дүниеге келген алаш дәрігері Әбубәкір Алдиярды  зерттеп жүр. 2024 жылы Әбубәкір Алдиярдың өмірі мен шығармашылығы атты еңбегі жарық көрді. Ертай Біләл Атырау облысында дүниеге келген Алаш арысы Нұғыман Манайұлын зерттеумен айналысып жүр. 2024 жылы Нұғыман Манай «Иман-Ислам» атты кітабы жарық көрді. Ерден Нұрахмет болса Ақмола өңірінде дүниеге келген Алаш зиялысы Біләл Малдыбайұлын зерттеумен шұғылданып жүр. 2021 жылы Алаш арысы-Біләл Малдыбайұлы атты еңбегі жарық көрді. Данияр Ихсан Берлинде оқыған алаш ардақтысы Ғазымбек Бірімжанды зерттеп,  кітаптарын шығарды.  Бұл ағаларымыз Бүгінгі таңда жас алаштанушы ғалымдардың бірі. Алаштану ғылымына өздерінің қомақты үлестерін қосып келеді.

 

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Патриоттық есімдер

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

25 қазан – Республика күні: Қазақстанда бір тәуліктің ішінде 709 бала дүниеге келді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Диплом – жалған

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.