Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Қараша 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

05.11.2025
0
Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов пен елімізге ресми сапармен келген Беларусь Республикасының Премьер-министрі Александр Турчин сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. Екіжақты тауар айналымын ұлғайту, инвестиция, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық индустрия және ЖИ саласындағы, сондай-ақ көлік және логистика, денсаулық сақтау, туризм сияқты тағы да басқа салалардағы ынтымақтастықты тереңдету жөніндегі жоспарлар қаралды.

«Елдеріміздің көшбасшылары Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев пен Беларусь Республикасының Президенті Александр Григорьевич Лукашенконың саяси ерік-жігері мен тұрақты байланысының арқасында екі ел арасындағы қарым-қатынас қарқынды дамып келеді және барлық деңгейдегі сенімді диалог пен стратегиялық сипатқа ие. Қазақстан Үкіметі сауда-экономикалық және басқа да қарым-қатынастарымыздың қарқынды әрі өзара тиімді негізде дамуы үшін бар күш-жігерін салуға дайын», — деп атап өтті Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов.

«Біз үшін Қазақстан Республикасы сауда-экономикалық қатынастардағы басым серіктесіміз. Сондықтан біз бұл байланыстарды барлық жағынан да дамытуға дайынбыз. Біздің бүгінгі кездесуіміз Беларусь пен Қазақстан арасындағы диалогті нығайту мен кеңейту процесіне қосымша серпін беретініне, оны жаңа мазмұнмен толтыратынына сенімдімін», — деді Беларусь Премьер-министрі Александр Турчин.

Тараптар өнеркәсіп кооперациясын одан әрі дамыту және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Цифрлық салада ЖИ элементтерін енгізу бойынша тәжірибе алмасуға басымдық беріліп отыр.

Ауыл шаруашылығында АӨК өнімдерін қайта өңдеу және өндіру жобаларына баса назар аударылмақ. Саланың тиімділігін арттыру үшін аграрлық ғылымдағы ынтымақтастыққа аса мән беріледі. Қазақстандық диқандар биыл ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім жинады, мұндай көрсеткішке олар бір жағы агротехнологияларды қолдану нәтижесінде қол жеткізе алды.

Кездесуге қатысушылар көлік және логистика саласындағы өзара іс-қимылдың маңыздылығын атап өтті. Салалық ведомстволардың үйлесімді жұмысы екі мемлекет арасындағы теміржол және автомобиль тасымалдарын үздіксіз қамтамасыз етеді. Сонымен қатар жаңа экспорттық нарықтарға шығу үшін көлік дәліздерін дамытуда зор әлеует бар.

Сондай-ақ өңіраралық ынтымақтастық және мәдени-гуманитарлық саладағы өзара іс-қимыл мәселелері де талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Беларусь премьер-министрлерінің қатысуымен екіжақты бірқатар құжатқа қол қойылды:

  • Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Беларусь Республикасының Өнеркәсіп министрлігі арасындағы өнеркәсіптік кооперация саласындағы ынтымақтастықты дамытудың 2026–2028 жылдарға арналған жол картасы;
  • Астана қаласының әкімдігі мен Минск қалалық атқару комитеті арасындағы 2026–2028 жылдарға арналған сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы жол картасы;
  • Алматы облысының әкімдігі мен Витебск облыстық атқару комитеті арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастық туралы меморандум.
  •  

 

 

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«AMANAT» партиясының «Tomiris» әйелдер көшбасшылығын дамыту жобасының IV-легі басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда түнде жауған қар тазартылды: коммуналдық қызмет негізгі жұмысты аяқтады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.