Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қараша 16, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

15.11.2025
0
Өзбекстанда «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті

Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры ұсынған «Хан Сұлтан. Алтын Орда» операсының премьерасы өтті. Қойылым Орталық Азия аймағының мәдени өміріндегі ең жарқын оқиғалардың бірі болды.

Опера Әлішер Науаи атындағы Мемлекеттік академиялық Үлкен театр сахнасында алғаш рет көрсетілді. Премьераны ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева тамашалады. Сондай-ақ құрметті қонақтар ретінде Орталық Азия елдері мәдениет министрліктерінің басшылары мен Әзербайжанның Мәдениет министрі шақырылды.

Опера – билік, тағдыр және дәстүрлі өмір салты мен келешек өзгерістер арасындағы таңдауды терең ашып көрсететін драмалық туынды. Хамит Шаңғалиевтің музыкасы режиссер Давиде Ливерморенің көркемдік шешімімен үйлесе отырып, көрерменді Алтын Орда дәуіріне толықтай бойлататын әсерлі атмосфера жасайды. Көрермен Алтын Орда тарихындағы оқиғалар аясында өрбитін адамдық трагедияларды көзбен көріп, сол кезеңнің рухын терең сезіне алады. Алтын Орда – түркі халықтарының тарихында ерекше орын алатын рухани мұраның қайнар көзі.

Операны сахналау жұмысы халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың үлгісіне айналды. Жобаға Қазақстан, Ресей және Түркияның ғалымдары атсалысты. Алтын Орданы зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалиев, Ыстамбұлдағы Мармара университетінің профессоры Ильяс Кемалоғлу және тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев. Маралтай Ыбыраев жазған опера либреттосы драматург Алмас Нүсіптің пьесасы негізінде әзірленген.

Қойылым режиссері Давиде Ливерморе – әлемдік опера өнерінің мойындалған шебері, талай аңызға айналған әншілермен және әлемнің жетекші театрларымен жұмыс істеген тұлға. Оның қойылымдары Ла Скала, Рим операсы, Туриндегі Театро Реджио және Генуядағы Карло Феличе театрларында сахналанған. Мэтрдің жобаға қатысуы операны халықаралық деңгейге көтерді.

Музыкалық жетекші әрі қоюшы дирижері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Абай атындағы театрдың бас дирижері Нұржан Байбосынов.

Ташкенттегі премьера қазақ және өзбек мәдениеті мен тарихының терең үндестігін паш еткен шығармашылық диалогқа айналды. Бұл синтез екі халықтың мызғымас ортақ тарихи жадын, рухани жақындығын айшықтаған өзіндік «өнер көпірін» қалыптастырды. Бұған дейін опера Алматы, Ыстамбұл және Қазан қалаларында сахналанып, көрерменнің зор қызығушылығы мен ыстық ықыласына ие болған еді.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан – Бельгия: Астанада матч кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.