Өңір ауыл шаруашылығының барлық бағыттары бойынша өсім көрсетуде – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Қараша 18, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Өңір ауыл шаруашылығының барлық бағыттары бойынша өсім көрсетуде

18.11.2025
0
Өңір ауыл шаруашылығының барлық бағыттары бойынша өсім көрсетуде

Ақтөбе облысының экономикалық әлеуетін арттыруға ықпал ететін негізгі салалардың бірі әрдайым агроөнеркәсіптік кешен болып қала бермек.

Өңір ауыл шаруашылығының барлық бағыттары бойынша өсім көрсетуде. Бұл көрсеткіштерге ауқымды мемлекеттік қолдау шаралары мен ірі инвестициялық жобалардың іске асырылуы ықпал етуде.

Аграрлық секторды субсидиялауға 15 млрд теңге бөлінді. Қаражат мал және өсімдік шаруашылықтарына қолдау көрсетуге, пайыздық мөлшерлемелерді өтеуге және инвестициялық субсидияларды қаржыландыруға бағытталды. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибесін тарату бағдарламасына 8 млрд теңге, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5% мөлшерлемемен жеңілдетілген несиелеуге 4 млрд теңге қарастырылған.

Атқарылған шаралардың нәтижесінде 9 ай ішінде өңірде 296,8 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді.

Мал шаруашылығы саласы тұрақты дамып келеді. Мәселен, өсім көрсеткіші бойынша жылқы 14%, түйе 8,5%, ірі қара мал мен қой 100%-ды көрсетіп отыр.

Ең ірі жобалардың бірі — «АЙС» ЖШС-ның сүт-тауарлық фермасын 1600 басқа дейін кеңейту. Кәсіпорын 7,5 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие алды. Бұл жыл сайын қосымша 20 мың тонна сүт өндіруге мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде 800 басқа арналған кешен пайдалануға берілді.

Өсімдік шаруашылығында да оң нәтижелер байқалады. 426 мың гектардан 554 мың тонна өнім жиналып, өткен жылғыдан 40 мың тоннаға артық болды. «Кең дала–2» бағдарламасы аясында көктемгі-егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін шаруаларғс 5,9 млрд теңге несие ұсынылды.
Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша өңірдің АӨК-не 60,6 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл өткен жылғы деңгейден 4,4 есе жоғары.

Биылғы жылы репродукторлар, суару жүйелері және қайта өңдеу объектілері сияқты бес ірі жоба іске асырылды.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарын қолдаудың негізгі құралдарының бірі болып отыр. Атап айтқанда, 3000-нан астам жоба мақұлданып, олардың 2 883-іне 16,4 млрд теңге несие берілді.

Алдағы екі жылда облыста аграрлық секторды жаңғырту жалғасады. 2025–2027 жылдары 64,7 млрд теңге инвестицияға 50 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Атырауда «Шығыс пен Батыс тоғысқан Сарайшық: Ұлы даладағы тарих және мәдениет» атты симпозиум өтіп жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда тоғызқұмалақтан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.