Биыл Абай облысына 500-ге жуық адам көшіп келді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сәрсенбі, Қараша 26, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Биыл Абай облысына 500-ге жуық адам көшіп келді

25.11.2025
0
Биыл Абай облысына 500-ге жуық адам көшіп келді

2025 жылға арналған ерікті түрде қоныс аудару бағдарламасы шеңберінде Абай облысына 499 адамға квота бекітілген. Оның 244-і қандастар, 255-і жұмыс күші артық өңірлерден қоныс аударушылар.

Облыстағы 331 елді мекеннің 316-сы қабылдау аумағы ретінде айқындалған. Бүгінгі таңда өңірге 419 адам қоныстанды. Оның 198-і қандастар, 221-і ішкі қоныс аударушылар.

Ішкі миграция бойынша облысқа негізінен Астана қаласы, Түркістан, Жетісу және Алматы облыстарынан азаматтар қоныс аударуда. Қандастар Моңғолия, Қытай және Өзбекстан елдерінен көшіп келіп жатыр.

Бағдарлама аясында келушілерге жалпы 226 миллион теңге көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша отағасына және отбасы мүшелерінің әрқайсына 70 АЕК көлемінде бір реттік көмек, тұрғын үйді жалға алу және коммуналдық қызметтерді өтеу үшін 15-30 АЕК көлемінде төлемдер, тұрғын үй сатып алуға 50% мөлшерінде, бірақ 1160 АЕК-тен аспайтын көлемде сертификат беру қарастырылған.

Қоныс аударушылар мен қандастар қажет болған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберіліп, жұмысқа орналасуға қолдау көрсетіледі. Нәтижесінде бүгінгі күнге дейін 95 адам жұмыспен қамтылды.

«Еңбек ұтқырлығын арттыру мақсатында ақпараттық жұмыстарды күшейту жөніндегі Жол картасы іске асырылып жатыр. Бағдарлама аясында Түркістан, Жамбыл, Алматы, Жетісу, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, сондай-ақ Шымкент, Алматы және Астана қалаларында қоныс аудару жәрмеңкелері өткізілді», – деді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Айман Нұрлыбек.

2023 жылы көші-қон саясатын іске асыру шеңберінде Семей қаласында бейімдеу және интеграция орталығы ашылды. Орталық қоныс аударушылардың жаңа ортаға бейімделуіне жәрдемдеседі. Оның ішінде қандастарға қазақ тілі мен жазуды оқытатын арнайы бағдарламалар қарастырылған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Астаналық оқушылар Италияда өткен халықаралық олимпиадада рекорд орнатты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Бәйтерек» холдингін құрылымы және мазмұны жағынан қайта құру: Директорлар кеңесі инвестициялар тарту бойынша міндеттемелерді бекітті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.