Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Желтоқсан 5, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

27.11.2025
0
Елордада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары марапатталды

Астанада «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті. Сыйлық мәдениет, ғылым, медиа және спорт саласында жоғары жетістіктерге жеткен 20 жас дарынға табысталды. Олардың қатарында халықаралық және республикалық конкурстар, фестивальдер мен көрмелердің лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейдегі спорт жарыстарының жүлдегерлері мен жеңімпаздары, қоғамның дамуына үлес қосып жүрген жастар бар.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева құттықтау сөзінде жастар саясаты саласында жыл санап жаңа буынды қолдауға бағытталған шаралар мен жобалар артып келе жатқанын атап өтті. Президент бастамасы арқылы жоғары білімнің қолжетімділігі артып, жас ғалымдарды қолдауға арналған грант бағдарламалары көбейді, еңбек нарығында жас мамандардың мүмкіндіктерін арттыратын жаңа жобалар іске қосылды. Креативті индустрия, цифрлық экономика, кәсіпкерлік саласында жастарға жол ашатын бастамалар да мемлекет тарапынан қолдау тауып отыр.

«Мемлекет басшысы әрдайым өз сөздерінде жастарға қолдау білдіріп, үлкен сенім артып келеді. Президенттің әр Жолдауы, қолға алған реформалары мен бастамалары – жастардың болашағы мен игілігі үшін жасалып жатқан ауқымды өзгерістердің нақты көрінісі.
Бұл реформалардың өзегі – Әділдік, Заң мен тәртіп, ашықтық пен жауапкершілік секілді құндылықтарға негізделген. Әсіресе, «Заң және тәртіп», «Таза Қазақстан» бастамалары мен жаппай волонтерлік акцияларды жастардың зор жауапкершілікпен және үлкен ынтамен қолдап келе жатқаны қуантады. Бұл ауқымды бастамалардың барлығы – жаңа идеологияның маңызды бөлігі. Ал осы идеологияны жүзеге асыратын да, оны алға жетелейтін де – өздеріңіз», – деді министр.

Лауреаттар «Ғылым», «Эстрада», «Классикалық музыка», «Халық шығармашылығы», «Спорт», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Театр және кино», «Әдебиет» номинациялары бойынша анықталды.

2025 жылғы жеңімпаздардың қатарында танымал қазақстандық әнші Еңлік Құрарбек (Yenlik), «Славян базары-2024» халықаралық вокалдық байқауының бас жүлдегері Ерназар Жұбан, «Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев бар.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы жыл сайын талантты жастарды мемлекеттік деңгейде қолдау мақсатында табысталады. Сыйлық ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметтегі жетістіктер мен жоғары спорттық нәтижелер үшін беріледі.

30 жылдан астам уақыт ішінде бұл сыйлықты 360-тан аса жас қазақстандық иеленген. Осыған дейін Нұрлан Өнербаев, Бақтияр Артаев, Серік Сәпиев, Данияр Елеусінов, Илья Ильин, Ольга Шишигина, Денис Тен, Қыдырәлі Болманов, «МузАРТ», «Бәйтерек» топтары, Серік Ибрагимов, Әли Оқапов, Қайрат Нұртас, Димаш Құдайберген және тағы басқа көптеген өнерпаздар мен спортшылар марапатталған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан мен Өзбекстан жаңа авиамаршруттар мен Жібек жолы бойынша бірлескен турлар ашады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыдағы зообақты кең көлемде жаңғырту жоспарланып отыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.