Абай атындағы театрда премьера: «Ұлы Жібек Жолы» балеті ұсынылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Желтоқсан 2, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Абай атындағы театрда премьера: «Ұлы Жібек Жолы» балеті ұсынылды

01.12.2025
0
Абай атындағы театрда премьера: «Ұлы Жібек Жолы» балеті ұсынылды

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында «Ұлы Жібек Жолы» атты екі бөлімді балеттің премьерасы өтті. Музыка авторы – композитор Әйгерім Еркебаева. Қойылымның идеясын, концепциясын, либреттосы мен хореографиясын театр балет труппасының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның халық әртісі Гүлжан Тұтқыбаева жазды.

Қойылым Ұлы Жібек жолының мәнін жаңаша зерделейді. Тарихи тақырып пен бүгінгі заман ұштасып, көрерменге уақыт пен кеңістік арасындағы терең байланысты көрсетеді. Сюжет цифрлық оқшауланған әлемнен басталады. Алайда басты кейіпкер шынайы сезімдерін жоғалтпаған адам. Оның абыз қартпен жүздесуі көрерменді ежелгі дәуірге, Ұлы Жібек жолының гүлденген кезеңіне алып келеді.

Осылайша, тарихи Шығыстың көзтартар көріністерін, керуен-сарай, түрлі елдер мен мәдениеттердің арасындағы сауда-саттық, базарды көреді. Сол ортада жас жігіт тазалық мен адалдықтың символындай болған Ақсұңқар есімді бойжеткенді кездестіреді. Ол оның ішкі әлемін оятып, терең сезімге жетелейді. Алайда олардың арасына айна сататын венециялық саудагер түседі. Ол жылтыраған дүниемен Ақсұңқарды арбап, басқа әлемге алып кетеді.

Жас жігіт оны қайтару үшін түрлі қиындықтарға тап болады. Елестермен бетпе-бет келіп, өзін жеңеді. Сөйтіп ол өз заманына оралып, суық қалаға жан бітіреді.

«Ұлы Жібек Жолы» балеті – философиялық толғам, тарихи көркемдік және заманауи сахналық шешімдер үйлескен туынды. Ол қай заман өтсе де, мағынасын жоғалтпайтын мәңгілік құндылықтар туралы терең ойға жетелейді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

1 желтоқсанда Қарулы күштерде жаңа оқу жылы басталды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

«Абай салбұрыны – 2025»: елордалық құсбегілер республикалық турнирде жоғары нәтиже көрсетті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.