Ақтөбе облысының ауылында қайтарылған активтер қаражатына медициналық пункт салынды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Желтоқсан 4, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Ақтөбе облысының ауылында қайтарылған активтер қаражатына медициналық пункт салынды

03.12.2025
0
Ақтөбе облысының ауылында қайтарылған активтер қаражатына медициналық пункт салынды

Үкіметтің басым міндеттерінің бірі – халықты сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету. Осы бағытты жүзеге асыру және Президенттің әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында Ақтөбе облысы Қобда ауданы Бегалы ауылында жаңа медициналық пункт ашылды.

Нысан «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында салынған нысанның жалпы құны – 132 млн теңге, оның 65 млн теңгесін Үкімет Арнаулы мемлекеттік қордан бөлді.

Ауданы 150 шаршы метрден асатын жаңа ғимарат бір ауысымда 25 келуге арналған. Медициналық пунктті пайдалануға беру ауылдың 300-ден астам тұрғынын сапалы және уақтылы медициналық көмекпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Нысан заманауи құрылғылармен жабдықталған.

Құрылыс кезінде инклюзивтілікке, қимыл-қозғалысы шектеулі адамдардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге көңіл бөлінді. Медициналық нысанның ашылуы ауыл тұрғындарының алғашқы медициналық-санитариялық көмекке қолжетімділігін арттырады, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартады.

Ақтөбе облысында қайтарылған активтер қаражаты есебінен құрылған Арнаулы мемлекеттік қордан ауылдық денсаулық сақтау саласы бойынша барлығы 11 жоба жүзеге асырылуда. Бүгінгі таңда 5 нысан пайдалануға берілді, алтауының құрылысы жалғасуда.

Қайтарылған активтер қаражатын пайдалана отырып, денсаулық сақтау саласын дамыту жұмыстары бүкіл ел бойынша жүргізілуде. 2024-2025 жылдар аралығында денсаулық сақтау нысандарын салуға және жаңғыртуға Арнаулы мемлекеттік қордан 144,2 млрд теңге бөлінді. Инфрақұрылымды ауқымды жаңарту ауыл тұрғындарын қалаға бармай-ақ сапалы медициналық қызметтер мен тексерулерге қолжетімділікпен қамтуды кеңейтуге мүмкіндік берді.

Активтерді қайтару: ауылдық жерлерде медициналық инфрақұрылым салуға 144 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Жалпы, «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында  2022-2025 жылдар аралығында ауылдық жерлерде 813 денсаулық сақтау нысаны, оның 620 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны салынды. Нақтырақ айтсақ, 2024 жылы 392 нысан пайдалануға берілсе, 2025 жылға қосымша 188 нысанды салу жоспарланған.

Заманауи ауданаралық ауруханалар мен МСАК желісін дамыту ұлт денсаулығының көрсеткіштерін тікелей жақсартты. Осылайша, онкологиялық ауруларды ерте анықтау 3,5%-ға өсіп, 32,6%-ды құрады, ал 60%-дан астамы бастапқы сатысында диагноз қойылады. 23-і аудандық ауруханаларда орналасқан 83 инсульт орталығының жұмысы тромболиз үлесін 6%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар жаңа мамандандырылған орталықтардың ашылуы балаларға оңалту көмегінің қолжетімділігін едәуір арттырды.

Медицина инфрақұрылымын және қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі кешенді шаралар ауыл тұрғындарының өмір сүру ұзақтығына оң әсерін тигізді, көрсеткіш 2024 жылдың қорытындысы бойынша 74,2 жасқа ұзарған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ҚЫЗЫЛОРДАДА “АБАЙ” ОПЕРАСЫНЫҢ ПРЕМЬЕРАСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Астанада «Ел салтанаты» атты мерейтойлық концерт өтті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.