Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Желтоқсан 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді

05.12.2025
0
Қазақстан Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ басшылығымен кездесулер өткізді

Вена, 2025 жылғы 4 желтоқсан – Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 32-ші отырысы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев ЕҚЫҰ негізгі институттарының басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.

Қазақстан СІМ басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Феридун Синирлиоглумен, Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюроның (ДИАҚБ) директоры Мария Телалианмен, ЕҚЫҰ БАҚ бостандығы мәселелері жөніндегі өкілі Ян Братумен, сондай-ақ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары Кристофор Камппен кездесті.

ЕҚЫҰ Бас хатшысымен келіссөздер барысында Е.Көшербаев Қазақстанның Ұйыммен ынтымақтастығының стратегиялық сипатын атап өтіп, ЕҚЫҰ шеңберінде жан-жақты ынтымақтастықты дамыту Қазақстанның сыртқы саясаты басымдықтарының бірі екенін айтты.

Тараптар ЕҚЫҰ-ның саяси-әскери, экономика-экологиялық және гуманитарлық өлшемдері шеңберінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, практикалық өзара іс-қимылды кеңейту және бастамаларды бірлесіп жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

ЕҚЫҰ Аз ұлттар істері жөніндегі жоғарғы комиссары К.Камппен кездесу барысында Министр этникалық әртүрлілік мәселелерін қозғап, Қазақстанның этносаралық үйлесімділікті қамтамасыз етудегі бірегей тәжірибесін атап өтті.

«Біз әртүрлі қоғам – бұл күш деген көзқарасты қолдаймыз. Қазақстан түрлі қауымдастықтардың бейбіт қатар өмір сүруінің және этносаралық ынтымақтастығының айқын үлгісі. Көптеген жағдайларда этникалық әртүрлілік қауіп факторы ретінде қарастырылса, біз үшін бұл ұлттық қазына және стратегиялық артықшылық» – деп мәлімдеді ол.

М.Телалиан және Я.Братумен келіссөздер барысында демократиялық даму, құқық үстемдігі, БАҚ бостандығы, адам құқықтарын қорғау және азаматтық қоғам институттарын нығайту мәселелері талқыланды.

Өз тарапынан ЕҚЫҰ өкілдері Қазақстанның сындарлы рөлін жоғары бағалап, практикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, оның ішінде адам құқықтарының, медиа бостандығының өзекті мәселелері және инклюзивті қоғамдық процестерді қамтамасыз етуге қызығушылық білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тұрақты диалогты қолдауға және ЕҚЫҰ күн тәртібінің басым бағыттары бойынша серіктестікті дамытуға дайындықтарын растады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қызылорда облысында 1,5 мыңнан астам нысан мүгедектігі бар жандарға бейімделген

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Елімізде “Қауіпті жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.