Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан астам қауіпті затты жойды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Желтоқсан 6, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан астам қауіпті затты жойды

05.12.2025
0
Қазақстандық бітімгерлер Голан жоталарында мыңнан астам қауіпті затты жойды

БҰҰ миссиясы құрамында қызмет ететін бөлінуді бақылау жөніндегі Қазақстан контингентінің инженерлік-саперлік тобы аумақты қауіпті заттардан тазалау бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде.

Осы жылдың сегіз айында бітімгерлер 32 жедел тапсырманы орындап, мыңнан астам қауіпті затты, оның ішінде 23 қолдан жасалған құрылғыны тауып, жойды. Бұл көрсеткіш алдыңғы ротация жұмысына қарағанда екі есе артық.

Бұған дейін 14 жедел тапсырманы орындау барысында саперлер 500-ден астам қауіпті затты және 6 қолдан жасалған құрылғыны жойған болатын. Бұл қазақстандық бітімгерлер жұмысы тиімділігінің артқанын айқын көрсетеді.

Инженерлік-саперлік топ командирі майор Ернар Амантайұлының айтуынша, жарылмаған оқ-дәрілердің көпшілігі елді мекендерге жақын жерде табылған және олар бейбіт тұрғындардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндірген.

– Қауіпті заттардың орналасқан жері туралы ақпарат БҰҰ қызметкерлерінен, патруль құрамынан және кейде жергілікті тұрғындардан келіп түседі, – деді ол. – Хабар түскен соң оқиға орнына шығып, бақылау жасап, заттарды жою кезінде туындайтын ықтимал қауіптерді бағалаймыз. Барлық іс-қимыл инфрақұрылымға зиян келтірмеу мақсатында жүргізіледі.

Саперлерге көбінесе артиллериялық және танк снарядтарымен, танкіге және жаяу әскерге қарсы миналармен, дрондардың оқтұмсықтарымен, сондай-ақ қолдан жасалған жарылғыш құрылғылармен жұмыс істеуге тура келеді. Бұл заттардың барлығы Сирия аумағындағы қарулы қақтығыстардың салдары, және миссияның жауапкершілік аймағында олардың саны әлі де жетіп артылады.

Дегенмен, қазақстандық контингенттің кәсіби жұмысы бейбіт тұрғындарға төнетін қауіп деңгейін айтарлықтай төмендетіп, БҰҰ жауапкершілік аймағында қауіпсіздікті нығайтуға ықпал етіп келеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Елімізде “Қауіпті жүргізуші” жедел алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЕКІ ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ГАЗ ҚОСЫЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.