Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарРуханиятФотогалерея

Алматыда желтоқсан айындағы маңызды даталарға арналған патриоттық іс-шаралар бағдарламасы басталады

Алматыда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мен Желтоқсан оқиғасының 39 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары бекітілді. Бағдарламаның негізгі мақсаты – жастар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, ұлттық тарих пен елдің ерлікке толы маңызды кезеңдеріне деген құрметті қалыптастыру.

16-17 желтоқсан қарсаңында мемлекеттік мекемелерде, қала кітапханалары мен білім беру ұйымдарында тақырыптық кездесулер, патриоттық және әдеби-музыкалық кештер, дөңгелек үстелдер, тарихи-танымдық сағаттар, дәрістер, әдеби оқулар және басқа да маңызды даталарға арналған іс-шаралар өтеді.

Осы күндері Республика алаңындағы Тәуелсіздік монументіне және «Тәуелсіздік таңы» ескерткішіне дәстүрлі гүл қою рәсімі ұйымдастырылады. Оған қала басшылығы, мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес мүшелері, 1986 жылғы оқиғаға қатысушылар, этномәдени бірлестіктер өкілдері және жастар қатысады.

17 желтоқсанда қаланың барлық сегіз ауданында 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында қаза болғандарды еске алуға арналған ас беріледі.

Бұдан бөлек, қала әкімдігі желтоқсан қаһармандарының азаматтық ерлігін дәріптеуге және жастар арасында отансүйгіштік сезімін нығайтуға бағытталған төрт мемлекеттік әлеуметтік жобаны жүзеге асырып жатыр. Аталған жобалар аясында қайырымдылық акциялары, спорттық турнирлер, шығармашылық және патриоттық іс-шаралар, тақырыптық конференциялар мен байқаулар өткізу жоспарланған.

Бұл іс-шаралар тарихи жадты сақтау, Тәуелсіздік үшін күрескен буынның ерлігіне құрмет көрсету және осы құндылықтарды жас ұрпаққа жеткізуге бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда 504 ауылдық елді мекен спутниктік интернетке қосылды

admin_altyalash

Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты жедел кеңес өткізді

admin_altyalash

90 бос жұмыс орны бар

admin_altyalash