«ОТАНДЫ СҮЮ – ЖҮРЕКТЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Желтоқсан 19, 2025
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

«ОТАНДЫ СҮЮ – ЖҮРЕКТЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

18.12.2025
0
«ОТАНДЫ СҮЮ – ЖҮРЕКТЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні, “Роза Бағланова атындағы “Қазақконцерт” камералық  залында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында елдік рухты ұлықтаған маңызды мәдени оқиғалардың бірі — «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.

Бұл байқау – отансүйгіштік ұғымын ұран деңгейінде қалдырмай, оны нақты шығармашылық әрекетке айналдырған кең ауқымды жоба. Азаматтық бірегейлікті нығайту, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттау және қоғамдағы белсенді шығармашылық бастамаларды қолдау — байқаудың басты мақсатына айналды.

Байқауға Қазақстанның 17 облысы мен 3 мегаполисінен келген қатысушылар өз ойы мен көзқарасын өнер тілі арқылы жеткізді. Эссе, бейнежұмыс, сахналық қойылым, поэзия мен заманауи мультимедиа форматтарындағы жұмыстар ел тәуелсіздігі, халық бірлігі және Отанға деген шынайы сүйіспеншілік тақырыптарын терең аша білді.

Мемлекеттік рәміздердің маңызын заманауи бейне тілінде көрсете білген қатысушылар «Рәміздерім – мақтанышым» номинациясы бойынша марапатталды.

  • III орын – Нұрланбек Аружан Нұржанқызы
  • II орын – Нұрқасым Дамир Айдынұлы
  • I орын – Серік Елнұр Бақытжанұлы

Ал көркем ой мен азаматтық ұстанымды тоғыстырған шығармашылық жұмыстар «Елдіктің асқақ айбыны» номинациясында жоғары бағаланды.

  • III орын – Бахатай Жанна Аманғалиқызы
  • III орын – Бисекенова Айдана Жанболатовна
  • III орын – Полатова Айнура Жумабекқызы
  • II орын – Оспанова Айгерим Маратовна
  • II орын – Файзолла Алпамыс Бауыржанұлы
  • I орын – Бимердинова Арайлым Жолдасбекқызы

Жеңімпаздарға дипломдар, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталып, салтанатты рәсім мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кеш барысында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері өнер көрсетіп, отансүйгіштік пен ұлттық рухты асқақтататын вокалдық, аспаптық және хореографиялық туындыларды ұсынды.

Шара тәуелсіз елдің рухани қуатын, шығармашылық әлеуетін және мәдени сабақтастығын айқындаған тағылымды мәдени алаңға айналды.

 

 

 

 

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ІІМ жол қозғалысына қатысушыларға үндеу жасады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Мемлекет басшысы Жапония Императоры Нарухитомен кездесті

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.