Алматы облысында “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын іске асыру аясында “Заң мен тәртіп” әніне арналған әлеуметтік бейнеклиптің түсірілімі өтті. Ауқымды жобаға шамамен 300 адам тартылды.
Түсірілімге полиция қызметкерлері, прокуратура өкілдері, медицина саласының қызметкерлері, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Әртүрлі қызметтердің бірлескен жұмысы мемлекеттің заңды, құқықтық тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы бірлігін айқындайды.
Бейнеклип құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін арттыруға және заңды сақтау мен қоғамдық тәртіп үшін әрбір азаматтың жауапкершілігін насихаттауға бағытталған.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.