Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовости

Бас көлік прокуратурасы көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі Үйлестіру кеңесінің отырысын өткізді

Бас көлік прокурорының м.а. Сәкен Жорабековтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Күн тәртібінде — көлік объектілеріндегі құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы құқық қорғау және уәкілетті органдардың өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру мәселелері қаралды.

Құқық бұзушылықтың жекелеген түрлерінің жалпы кемуі байқалғанымен, ауыр қылмыстардың, соның ішінде поездарда жасалу қаупі, сондай-ақ есірткі құралдары мен суық қарудың заңсыз айналымы фактілері сақталып отырғаны атап өтілді.

Отырыс барысында алдын алу шараларын, ведомствоаралық іс-қимылды, тыйым салынған заттардың айналымына бақылауды күшейту, сондай-ақ оларды өткізуді және жарнамалауды жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты ден қою шараларын қабылдау қажеттігіне баса назар аударылды.

Сонымен қатар есірткі қылмысына, кибералаяқтыққа, теміржол көлігіндегі жүк ұрлығына қарсы іс-қимыл, поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және террористік сипаттағы жалған хабарламалардың алдын алу мәселелері қаралды.

Отырыс қорытындысы бойынша жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және көлік инфрақұрылымы нысандарында құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған ұсыныстар әзірленді.

Ұқсас жаңалықтар

Вымогатели денег задержаны в Кызылординской области

admin_altyalash

Следуй мы европейскому опыту, в Курултае было бы 500-600 депутатов. Мы осознанно выбрали другой путь – Елнур Бейсенбаев

admin_altyalash

Книгу академика Икрама Адырбекова презентовали в Нур-Султане

admin_altyalash