Ұландық үшін ең басты құндылық – отбасы – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қаңтар 12, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұландық үшін ең басты құндылық – отбасы

09.01.2026
0
Ұландық үшін ең басты құндылық – отбасы

ҚР ІІМ Ұлттық ұланында борыш пен жауапкершілік ұғымдарын тек сап пен бұйрық аясында ғана емес, өмірлік қағида ретінде қабылдайтын әскери қызметшілер бар. Солардың бірі – Тараз қаласындағы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің аға сержанты Айбол Қоныспаев. Жиырма жылға жуық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман әрі жұбайымен бірге сегіз баланы тәрбиелеп отырған үлгілі әке.

Айбол Қоныспаев әскери бөлімдегі 1-батальонның жауынгерлік қамтамасыз ету ротасында аға маман – сапер лауазымында қызмет атқарады. Қызмет жылдары ішінде ол Отан алдындағы борышқа адалдығын талай мәрте дәлелдеді. Он екі жыл бойы әскери жасақ бастығы міндетін атқарып, патрульдік қызметте Тараз қаласындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге үлес қосты.

Алайда ұландық үшін ең басты құндылық – отбасы. Оның шаңырағында үш ұл мен бес қыз өсіп келеді. Үлкен ұлы Бақдәулет болашағын Отанға қызмет етумен байланыстыруды мақсат етіп, полиция академиясына оқуға түсуді жоспарлап отыр.

Қоныспаевтар отбасындағы тәрбие сөзбен қатар, іспен де беріледі. Ашық есік күндері Айбол Қоныспаев балаларын әскери бөлімге ертіп келіп, қызметтің қыр-сырын көрсетеді, ұландықтардың күнделікті қызметі мен Ұлттық ұланның ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін түсіндіреді.

Айбол Қоныспаев үшін қызмет жұмыс уақытымен шектелмейді. Жауапкершілік, тәртіп пен заңға құрмет – оның өмірлік ұстанымы. Осы құндылықтарды ол Ұлттық ұлан қатарында да, отбасында да берік ұстанып, балаларын жеке үлгісімен тәрбиелеп келеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ пен Болгария елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.