Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Қаңтар 12, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

10.01.2026
0
Олжас Бектенов сарапшылармен экономиканы дамыту мәселелерін талқылады

Премьер-министр Олжас Бектенов экономикалық блок сарапшыларымен кездесу өткізді. Онда экономикалық даму және экономиканың басым салалары, сондай-ақ сыртқы тәуекел мәселелері сөз болды.   

Жиынды аша отырып, Үкімет  басшысы орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету және халықтың нақты әл-ауқатын арттыру басым міндет болып қала беретінін атап өтті.

Олжас Бектенов сараптама мен кеңестер алу үшін жұмыс тәсілдерін жан-жақты талқылау бойынша кездесулердің маңыздылығына тоқталды.

Кездесу барысында сарапшылар қауымдастығының өкілдері экономикалық өсудің негізгі мәселелері мен бағыттарына өз бағасын берді. Сарапшылар сондай-ақ жаһандық процестер мен әлемдік конъюнктураның ықпалын ескере отырып, ұлттық экономиканың даму қарқыны бойынша болжамын айтты. Салалық жаңғыртудың басымдықтары, нарықтың неғұрлым өзекті сұраныстары және олармен технологиялық бастамаларды өзара байланыстыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Еуразия ұлттық университетінің Директорлар кеңесінің төрағасы Жақсыбек Күлекеев, NAC Analytica басқарма төрағасы Расул Рысмамбетов, AERC Қолданбалы экономика зерттеу орталығының бас директоры Жәнібек Айғазин, Visor инвестициялық компаниясының басқарушы серіктесі Алмас Чукин, Зерттеу және консалтинг орталығының серіктесі Әнуар Боранбаев, CSI жеке консалтингтік компаниясының аға серіктесі Олжас Құдайбергенов, “TALAP қолданбалы зерттеулер орталығы” қоғамдық қорының директоры Асқар Қысықов, “Комментарий” талдау тобының жетекшісі Эльдар Шамсутдинов    пікірлері мен ұсыныстарын айтып, сөз сөйледі.

Инфляцияға қарсы күрес шаралары, отандық өндірісті ұлғайту, салықтық әкімшілендіруді жетілдіру, ЖИ-ді дамыту үшін электр энергиясын өндіру, инвестициялар тарту мәселелері талқыланды.

Салық реформасын талқылау кезінде өтпелі кезеңнің маңыздылығы атап өтілді. Үкіметтің шешіміне сәйкес ҚҚС бойынша есепке қою шегінен асқан салық төлеушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Салықтар бойынша өсімпұлдар мен айыппұлдар қарыздың негізгі сомасы 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін өтелген жағдайда есептен шығарылады.

Кездесуді қорытындылай келе Премьер-министр Үкімет пен сарапшылар қауымдастығы арасындағы тұрақты диалогтың маңыздылығын атап өтіп, жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

«ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІС ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚАҢТАР ҰБТ-СЫ БАСТАЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.