Ұлттық ұлан қатарындағы әскери оркестр музыканты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Қаңтар 23, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық ұлан қатарындағы әскери оркестр музыканты

23.01.2026
0
Ұлттық ұлан қатарындағы әскери оркестр музыканты

Тараз қаласындағы “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінде қатардағы Нұрдәулет Жалиев қызмет атқарады. Ол әскерге саналы түрде, нақты мақсатпен келді. Оның бала кезден бергі арманы – музыка әлемінде өз орнын тауып, әскери оркестр құрамында өнер көрсету.

Өнерге деген құштарлық Нұрдәулетті ерте жастан жетеледі. Мектеп қабырғасынан бастап ол көпшілік алдында ән айтып, баян аспабында еркін ойнады. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген оның бойында жауапкершілік және табандылық секілді қасиеттер қалыптасты.

Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғары колледжін тәмамдаған соң, оның алдында екі таңдау тұрды. Бірі – музыка пәнінің мұғалімі ретінде еңбек ету. Екіншісі – бала күнгі арманынан бас тартпай, дара жол салу. Нұрдәулет жүрегі қалаған бағытты таңдады.

Арман жолында ол тынымсыз еңбектеніп, кәсіби тұрғыда дамып, әскери оркестрге қабылдану үшін қажетті құжаттарды жинады. Алайда оған өз арманына жету жолында әскери билетінің болмауы кедергі болды.

Бұл жағдай жас музыканттың жігерін жасытпады. 21 жасында ол әскерге бару жөнінде шешім қабылдап, мақсатына бір қадам жақындай түсті. Ата-анасы ұлының болашағына қатысты таңдауын қолдады. Себебі өздері де шығармашыл жандар бұл шешімнің “жеті рет өлшеп, бір рет кесілгенін” түсінді.

Мерзімді әскери қызметтегі алты айда қатардағы Жалиев өзін жауапты әрі тәртіпті әскери қызметші ретінде көрсетті және келісімшарт негізінде қызметін жалғастыру құқығына ие болды. Әскери бөлімнің табалдырығын аттағаннан бастап бөлім командирлері Нұрдәулеттің әскери оркестрде өнер көрсетуге деген ниетін білді. Оның талабы, тәртібі мен қызметке деген жауапкершілігі назардан тыс қалған жоқ.

Қазіргі уақытта қатардағы Нұрдәулет Жалиев 5513 әскери бөлімінің оркестрі құрамында өнер көрсетіп жүр. Ол жаңа музыкалық аспаптарды меңгеріп, кәсіби шеберлігін арттырып, шығармашылық тұрғыда дамуын жалғастырып жатыр.

Арманға жету үшін әр адам табандылық танытып, кездескен қиындықтарды еңсеру қажет. Алайда кей жағдайда жалғыз жігердің өзі жеткіліксіз болып, арманын орындау үшін мүмкіндік сыйлайтын орта керек болады. Нұрдәулет үшін дәл осындай мүмкіндік, арманын жүзеге асыруға жол ашатын орта Ұлттық ұландағы мерзімді әскери қызметтен табылды.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

2025 жылы Ақмола облысына келген туристер ағыны 1,6 млн адамнан асты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстан сапалы органикалық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруге зор әлеуетке ие

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.