Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жексенбі, Қаңтар 25, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Ғылыми қызмет қағидалары Ата Заңмен бекітілуге тиіс

25.01.2026
0

Астанада өтіп жатқан Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында Қолданбалы экономикалық зерттеулер орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев еліміздегі ғылыми қызметтің Ата Заң деңгейінде нақты реттелмегенін, соның салдарынан ел дамуын қамтамасыз етудегі ғылымның рөлі мен мәртебесі төмен екенін мәлімдеді.

Оның айтуынша, еліміздің қазіргі даму кезеңіндегі басты басымдықтың бірі – заманауи цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға негізделген білім мен инновацияға сүйенген экономиканы қалыптастыру. Бұл бағыт еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттырып қана қоймай, оның геоэкономикалық және геосаяси кеңістіктегі ұстанымын айқындай түседі.

«Әлемде ғылым кез келген қоғамның ең маңызды өндіргіш күшіне айналып отыр. Бұл тұрғыда білім экономикасын дамыту ғылыммен тікелей байланысты екенін аңғармау мүмкін емес. Алайда еліміздегі ғылыми қызмет салалық заңнамалармен ғана реттеліп, оның негізгі қағидаттары Конституция деңгейінде нақты бекітілмеген. Ата Заңда ғылымға қатысты арнайы нормалардың болмауы ғылыми саланы ағымдағы мемлекеттік саясатқа тәуелді етіп, елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі рөлі мен мәртебесін әлсіретіп отыр» деді ол.

Жақсыбек Күлекеев ғылым мен инновацияның конституциялық деңгейде бекітілуі ғылыми қызметті тұрақты қаржыландыруға берік құқықтық негіз қалыптастырып, зерттеу орталықтарының, университеттердің және технологиялық компаниялардың жүйелі әрі орнықты жұмыс істеуіне жол ашатынын айтты.

Оның сөзінше, мұндай нормалар көптеген дамыған мемлекеттердің конституцияларында бар. Атап айтқанда, ғылым мен инновацияға сүйеніп, елеулі экономикалық табысқа қол жеткізген Германия, Жапония, Оңтүстік Корея сияқты елдерді мысалға келтіруге болады. Сондай-ақ Финляндия, Испания және Португалияның өз конституцияларында ғылыми автономия мен академиялық еркіндікке құқықты нақты бекіткенін тілге тиек еткен маман ұлттың болашағы азаматтардың зияткерлік және технологиялық дамуына тікелей байланысты екенін терең түсінуден туындайтынын жеткізді.

«Ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан алғанда, өзіміздің ғылыми және технологиялық әзірлемемізді дамыту технологиялық тәуелсіздікті нығайтып, экономиканың және оның аса маңызды инфрақұрылымының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, Конституцияда ғылымға қатысты нормалардың болуы мемлекеттің халықаралық беделін арттырып, оны прогресс пен инновацияға бағдарланған ел ретінде танытады. Бұл ғылыми-техникалық дамудың басымдық екенін айқын көрсетіп, инвестиция тартуға ықпал етеді. Сондай-ақ әлемдік қауымдастықтағы абыройымызды күшейтіп, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық тұрақтылықтың берік негізін қалайды», – деді ол.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Дихан Қамзабекұлы білім жүйесіндегі зайырлылық пен мәдениеттің Ата Заңда нақты айқындауды ұсынды  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.