Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарҚоғам

Ата заңымызда отбасы мен неке сияқты құндылықтарды бекіту – ел ертеңіне жасалған маңызды қадам

Қазақстан Конституциясына енгізілетін жаңа өзгерістердің бірі – неке мен отбасы құндылықтарын конституциялық деңгейде қорғау. Бұл қадам – еліміздегі отбасы институтының мықтылығын, қоғамдағы тұрақтылықты және болашақ ұрпаққа деген жауапкершілікті айқындайтын маңызды қадам.

Конституциялық сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов атап өткендей:

«Бұл өмір сүру құқығын абсолюттік дәрежеге көтеру, адамға бағдарланған саясат, адамның жеке басына қол сұғылмаушылық пен «Миранда ережесінің», цифрлық дәуірде жеке мәліметтерді қорғау, ар-намыс пен қадір-қасиетті қорғауды күшейту, әлеуметтік құқықтар мен құқықтық анықтық қағидаттарын бекіту деген сөз».

Бұл өзгерістердің мәні – отбасы мен некені тек жеке қатынастар деңгейінде қарастыру емес, қоғамның ең негізгі тірегі ретінде мойындау.

Халқымыз «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп айтып кеткендей, бесігі түзу елдің болашағы жарық, ұрпағы саналы болады. Осы ретте, Ата заңымызда отбасы мен неке сияқты құндылықтарды бекіту – ел ертеңіне жасалған маңызды қадам.

 

Екатерина Смолякова

Ұқсас жаңалықтар

Президент туризм саласындағы атқарылмай жатқан жұмыстарды сынға алды

admin_altyalash

ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯСЫ БАР ЖАҢА АУРУХАНА АШЫЛДЫ

admin_altyalash

Сенатор бір палаталы Парламентке көшу туралы: Заң шығарушы органның өкілеттіктері жете қайта қаралды

admin_altyalash