Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім мен инвестициялық белсенділік артты – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сейсенбі, Ақпан 3, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім мен инвестициялық белсенділік артты

03.02.2026
0
Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: Елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім мен инвестициялық белсенділік артты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңдеу өнеркәсібін дамыту, экономиканы әртараптандыру және инвестиция тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде 2025 жылы негізгі салаларда тұрақты өсім қамтамасыз етілді. 

Қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өсім көрсеткіші 6,4%-ды құрады, бұған республика бойынша қолданыстағы қуаттарды кеңейту және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру ықпал етті.

Өнеркәсіптік өсу: негізгі салалардың үлесі

Өңдеу өнеркәсібінің көптеген секторында оң динамика тіркелді. Ең жоғары өсу қарқынын машина жасау (+12,9%), химия өнеркәсібі (+9,8%), құрылыс материалдары өндірісі (+9,7%), дайын металл бұйымдарын өндіру (+13,6%) және жеңіл өнеркәсіп (+13,2%) салалары көрсетті. Өсім металлургияда (+1,2%) және резеңке және пластмасса бұйымдары (+7,6%), қағаз өндірісі (+5,3%) сасаларында байқалды.

Металлургия: қайта өңдеуге және экспорттық әлеуетке назар аудару

Металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі қара металлургияның (+4,3%) өсуіне байланысты 1,2%-ға артты. Ферроқорытпалар, шойын, болат, прокат және құбыр өнімдерін өндіру көлемі ұлғайтылды.

2025 жылы салада жалпы инвестиция көлемі 306,6 млрд теңгені құрайтын 20 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 4 427 жұмыс орны ашылды.

Негізгі жобалар қатарында Қарағанды облысындағы «ТЭМПО–Казахстан» ЖШС түзу жікті болат құбырлар өндіру, Шымкенттегі «QazAlPack» ЖШС кәсіпорны қуаты жылына 2,1 млрд бірлік алюминий қаптамасын шығару және басқа да осы жобалар бар. Мұндай жобалар қайта өңдеуді тереңдетуге және экспорттық номенклатураны кеңейтуге бағытталған.

Машина жасау– индустрияландырудың негізгі драйвері

Машина жасау саласы 12,9% деңгейінде өсім көрсетті, бұған автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, электр жабдықтарын, сондай-ақ компьютерлер мен электрондық бұйымдар өндіру ықпал етті.

Жыл ішінде құны 655,5 млрд теңге болатын 38 жоба жүзеге асырылды, 9 967 жұмыс орны ашылды. Олардың қатарында Алматыда Chery, Changan, Haval және Tank көліктерін шығаратын Astana Motors Manufacturing Kazakhstan кәсіпорнының іске қосылуы, сондай-ақ Қостанай облысындағы KIA Qazaqstan зауыты бар. Сонымен қатар өңірде жобалық қуаты жылына 74 мың бірлік жүк техникасына арналған редукторлар шығаратын «KamLitKZ» ЖШС зауыты пайдалануға берілді.

Химия өнеркәсібі: негізгі химия мен қаптаманы дамыту

Химия өнеркәсібі полипропилен, аммофос және аммоний нитратын арттыру арқылы 9,8% өсімді көрсетті.

2025 жылы инвестиция көлемі 74,5 млрд теңгені құрайтын 13 жоба пайдалануға берілді, 932 жұмыс орны құрылды. Олардың қатарында Алматы облысында сұйық шыны өндіру бойынша «Hong Shun» ЖШС кәсіпорны, Батыс Қазақстан облысында метилэтанол шығару бойынша «Синтез Орал» ЖШС зауыты, сондай-ақ Түркістан облысында «QazEcoPack» ЖШС буып-түю материалдарын өндіру бар.

Құрылыс материалдары және қайта өңдеу: инфрақұрылымдық жобаларды қолдау

Құрылыс материалдарының өндірісі цемент, тауарлық бетон, ерітінділер, әк және құрама бетон конструкцияларының өндірісінің өсуіне байланысты 9,7%-ға өсті. Бұл динамика бүкіл ел бойынша инфрақұрылымдық және тұрғын үй жобаларын жүзеге асырумен байланысты.

Сонымен қатар өсі  резеңке және пластмасса бұйымдарын, қағаз бен картонды, сондай-ақ ішкі нарыққа және импортты алмастыруға бағытталған дайын металл бұйымдарын өндіруде тіркелді.

Жеңіл өнеркәсіп: өңірлік өндірістерді дамыту

Жеңіл өнеркәсіп тоқыма және былғары өнімдерін шығаруды арттыру арқылы 13,2% – ға өсті.

Салада 24,4 млрд теңге сомасына 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылды, 634 жұмыс орны ашылды. Негізгі жобалардың қатарында Ақтөбе облысындағы «KazFeltec» ЖШС, Атырау облысындағы «Гранд Материк» ЖШС және Шымкенттегі «Marvik partners» ЖШС тоқыма емес және буып-түю материалдарын шығаруға бағытталған жобалары бар.

2025 жылдың қорытындысы өңдеу өнеркәсібі Қазақстанның экономикалық өсуінің негізгі драйверлерінің бірі болып қала беретінін растады. Президент тапсырмаларын дәйекті орындау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және жаңа өндірістерді іске қосу орнықты өнеркәсіптік базаны қалыптастырады, өңірлерде жұмыс орындарын ашады және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ӨҢІРЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Адамдар тобы сауда орталығына ірі көлемде залал келтірді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.