Алматыда тағы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Алматыда тағы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді

04.02.2026
0
Алматыда тағы екі кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшеді

Алматыда тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар желісін кеңейту жұмыстары Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыны «ешқашан ұйықтамайтын» мегаполиске айналдыру жөніндегі тапсырмасы аясында жалғасуда. Ақпан айынан бастап тағы екі қалалық кітапхана — Әуезов ауданындағы Қазақстан жазушылары кітапханасы және Бостандық ауданындағы Алматы Кітапханаларының филиалы 24/7 режимінде қызмет көрсетеді.

Бұған дейін қалада үш кітапхана тәулік бойы жұмыс істеу тәртібіне көшкен болатын. Олар Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасы, Alatau Creative Hub орталығы және Мұхтар Әуезов атындағы кітапхана. Осылайша, Алматыдағы тәулік бойы жұмыс істейтін кітапханалар саны бесеу болды.

Алматы қаласының 11-шағынауданында, Алтынсарин даңғылы бойындағы №37 үйде орналасқан Қазақстан жазушылары кітапханасы 1962 жылы ашылған және Әуезов ауданындағы жетекші зияткерлік орталықтардың бірі саналады. 2020 жылы жүргізілген жаңғырту жұмыстарынан кейін кітапхана кеңістігі заманауи әрі келушілерге қолайлы форматта қайта жабдықталды. Кітапхананың жалпы аумағы 410 шаршы метр, кітап қоры 40 мыңнан асады, ал жыл сайынғы келушілер саны 145 мың адам. Мұнда ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға арналған арнайы жұмыс орындары қарастырылған, электронды оқу залы жұмыс істейді, RFID радиожиілікті сәйкестендіру жүйесі енгізілген және «Almaty-library» кітапханалық-ақпараттық жүйесі қолжетімді.

Алматы Кітапханаларының Розыбакиев көшесі, 247 үй, 7-блок мекенжайында орналасқан филиалы 2025 жылдың соңында ашылды. Кітапхана ғимаратының жалпы аумағы 503 шаршы метр, қорында шамамен 20 мың кітап бар. Мұнда жоғары жылдамдықтағы интернет пен Wi-Fi желісіне қосылған компьютерлер орнатылған, «Almaty-library» жүйесіне қосылған, сондай-ақ RFID қақпалары мен өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы бар.

Кітапханалардың тәулік бойы жұмыс істеу режиміне көшуі қаланың тағы екі аудан тұрғындарына кітапхана қызметін өздеріне ыңғайлы уақытта, соның ішінде кешкі және түнгі мезгілде пайдалануға жол ашты. Бұл өз кезегінде білім алу, өзін-өзі дамыту және мәдени демалыс үшін қосымша жағдай жасайды.

Айта кетейік, бүгінде Алматы қаласында 30 қалалық кітапхана жұмыс істейді. Тәулік бойы қызмет көрсету тәжірибесін кеңейту — кітапхана желісін жаңғырту мен мегаполистің мәдени ортасын дамытуға бағытталған кешенді бағдарламаның бір бөлігі.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Түркістан облысында құны 42 млрд теңге болатын өнеркәсіптік жылыжай кешені іске қосылады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қатысу мәдениеті – саналы таңдау: Жас сайлаушылар клубымен диалог

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.