Ермұрат Бапи: Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ермұрат Бапи: Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім

04.02.2026
0
Ермұрат Бапи: Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім

Құрметті, төраға мырза!

Ең алдымен, елдегі конституциялық реформаны талқылау жөніндегі менің ұсынысымды Мәжілістің спикері ретінде күн тәртібіне енгізген шешіміңіз үшін азаматтық алғыс айтамын! Расында, осындай орасан өзгеріске қатысты мемлекеттік өкілетті органның трибунасынан сөз айтпай, ресми ретте үндемей қалуымызға болмайтын еді. Бұл ертеңгі күні сізге де, бізге де сын боларлық мәселе деп білем!

Құрметті әріптестер!

Елдегі саяси өзгерістер турасында пленарлық отырысқа мәселе енгізу жөнінде ұсыныс білдірмес бұрын, біз – Бақытжан Базарбек, Еркін Әбіл, Қазыбек Иса, Елнұр Бейсенбев, тағы басқа бір топ депутат бар – бірінші кезекте қазақстандық қоғам мен салауатты азаматтық белсенділерге сөз арнағымыз келген.

«Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру сұраныстарына сәйкес, біздің қоғам елде саяси өзгерістер болуы керек деген талапты талмай айтып келе жатқаны мәлім. Бірақ біз елде бұрынғы
30 жыл бойы қалыптасқан, сірескен саяси режимнің сеңі
2022 жылғы референдумның барысында сөгіле басталғанына мән бермей жүрміз. Сондағы алғашқы реформаның нәтижесінде бірте-бірте қалыптасқан құндылықтарды бағалай алмай жүрген «созылмалы қарсылық дертіміз» өзіміз аңсап келген конституциялық өзгерістерді өгей көргеніміз тіптен түсініксіз жағдай боп тұр.

Бүгінгі қоғамда, әсіресе әлеуметтік желілерде, соңғы алты ай көлемінде сұлбасы жасалған конституциялық өзгерістерге қатысты батыл, бірақ бір жақтан сыңаржақ сындар көп айтылды. Әрине, азаматтық ұстаныммен және мемлекеттік мүдде тұрғысында айтылатын сындарлы сынға шектеу болмауы тиіс. Бірақ сондай сын айтудың мүмкіндігі қоғамдық құндылық екенін тағы да бағалай білуіміз керек. Назарбаевтың заманында демократиялық демі ішінде тұншығып, суырылып шыға алмай жүрген қоғамның тығыны сол құндылықтардың арқасында ағытылғанын мойындауымыз керек!

Иә, жаңа Конституцияның жобасына қатысты айтылып жатқан біраз сындарлы сөздің төркіні тілге тіреліп жатыр. Ұлттық намысы селт етіп оянған халықтың талабы теріс деп, үзілді-кесілді кереғар пікір айтудың жөні жоқ. Бұл тақырыпты жылы жауып қоюға тағы да болмайтын еді.

Бірақ қазақта «басқа пәле – тілден» деген тағы бір тәмсіл бар. Дауылы дүлей қазіргі қатқыл халықаралық қатынастардың қоршауы мен тәртібі күн сайын қырық құбылған геосаяси әлемде біз бұл «пәленің» қатерінен сақтана білуіміз керек. Біз әпербақан, әумесір әлдекімдерге білек күшін безейтіндей ел емеспіз.

Бізде мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен жасампаз болашағы үшін сырттағы соқтықпалы-соқпақты жолды дипломатияның демеуімен және сырбаз саясатпен жүріп өтуден басқа альтернатива жоқ! Жалпыхалықтық талқылауға ұсынылған жаңа Конституция жобасының жалпы саяси сипатын салауатты саралай білген адам оның мазмұны мен мақсаты мемлекеттілікті, қауіпсіздігіміз бен тәуелсіздіктің тұрақтылығын күйттейтін астарлы ишараны түсінсе керекті.

Үлес салмағы 70 пайыздан асқан халық өзінің тілін өзгеге өктемдікпен емес, сары майға ыстық қасық батырғандай байыппен таңа білу – дәл бүгін әлдеқайда ұтымды айла болар еді. Тілді текетірес пен ерегестің қаруына айналдыру бізге әбүйір әпермейді. Өзінің тілін өктемдікпен тықпалаған имансыз идеялар пайда болған заманда, есермен егесу – естінің ісі болмайды.

Осы орайда Қызылорда Құрылтайында президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқан бір сөз санаға орала береді: «Қазақстанның патриоты болу – азаматтық жауапкершілікті терең түсіну деген сөз.

«Ұлт мүддесін желеу етіп, бос айқайға басатын, одан қалды азаматтарымыздың отанымызға деген шынайы сүйіспеншілігін саяси ұпай жинауға пайдаланғысы келетін теріс пиғылды адамдардың бізге қажеті жоқ», – деген еді мемлекет басшысы.

Бүгінгі әлеуметтік желілердегі дабыраға қиқу қосып, қоғамды қажетсіз толқуға шақырып жүрген жекелеген желікпе псевдо-патриоттардың қылығына ішің ашиды. Бір ғана «КТК» мұнай құбырындағы апат елді қандай қаржылық қауіпке тап қыларын бастан кешіре тұра, біз әлдекімге сес көрсетіндей қай артымызға сенеміз?

«Сауда соғысы» /президент Трамптың пошлина шоқпарын еске алыңыз/ мен әлем картасын бөлістерге сала бастаған қатерлер қаулаған заманда, Қазақстан мен оның сыртындағы реалды бағалай, бағамдай алмаған саяси көрсоқырлық бізді орыны толмас өкініштерге тап қылуы мүмкін. Әлдебіреулер тағы да фронт ашамыз деп бізге сес көрсетіп, сыртқы дүние теңселіп тұрған кезде, біз өз қолымызбен ішкі дүниемізді дүрбелеңге салуға қақымыз жоқ!

Дәл осы орайда, бұл жаңа Конституцияның жалпы сипаты, бірінші кезекте, сыртқы қатерлерге қарсы тұру мен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мақсат тұтады деп, Фейсбук желісінде жарияланған бір жазбама байланысты қызылордалық қоғамдық белсенді ағатайым Садуақас Аңсатпен сөзге келісіп қалдым.

Себебі, дәл осы сыртқы тәуекелдер төніп тұрған жағдайдың жай-жапсарын жұртшылыққа айтам деп, өзімнің жеке қоғамдық-саяси имиджіме нұқсан келіп жатса да, мен нақты реал ситуацияны сөз қылудан жалтармаймын. Мемлекеттік мүдде мен еліміздің тәуелсіздігі алдындағы менің жеке бас абыройым түк те емес! Ел ішінде беделі бар Садуақас Аңсат, Айтқожа Фазыл, Рысбек Сәрсенбай ағаларым да қоғамды қопаңдатудан бұрын, төңірегіндегі жұртшылықты сабырға шақырып, пісімілласы басталған өзгерістерді ақсақалдық ар-ожданмен қабылдай алса деген інілік тілегім бар!

Айтпақшы, Конституция жобасының 48-бабына байланысты да қоғам арасында алаңдаушылық бар. Мұнда Республика президентінің ар намысы мен қадір-қасиетіне қорғауға қатысты берілетін конституциялық кепілдіктер айтылады. Ал бұл баптың үшінші тармақшасында: «Осы баптың ережелері Қазақстан Республикасының экс-президентіне де қолданылады» деген тіркеске орай «бұрынғы президенттің отбасы мүшелері билікке қайтып келуі мүмкін» деп, күдік келтірушілер бар.

Әлеуметтік желі қолданушылар арасындағы бұл алаңдаушылық қазақи долбар-дабыраға қиқу қосудың сыңары.  Себебі, экс-президент түгілі, бүгінгі «Президенттің отбасы  мүшелері мен оның жақын туыстарына  мемлекеттік қызмет атқаруға болмайды» деген талап 2022 жылғы
8 маусымдағы конституциялық заңмен бекіген.

Сөз соңында айтарым – Қазақстанның тұтастығын, қауіпсіздігі мен егемендігін қамтамасыз ету – елінің ертеңін ойлаған әрбір азаматтың міндеті болуы керек! «Тәуелсіздік дегеніміз – ең алдымен, жалпыұлттық бірлік пен келісім.
Біз ел бірлігін сақтап, өсіп-өркендеген, абырой-беделі жоғары әрі қуатты мемлекет құруды басты міндетіміз деп санауымыз қажет. Осы мақсатқа стратегиялық тұрғыдан қарап, парасатты, дана халық екенімізді көрсетуіміз керек».

Мұндағы «дана халық екенімізді көрсетуіміз керек» деген тіркесті мен «қазақстандық қоғам билікпен салауатты және салиқалы мәміле жүргізу деңгейіне жеткенін көрсетуі керек» деп, президенттік сөздің өңін сәл-пәл айналдырып айтқым келеді!

Назарларыңызға рақмет!

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Бұл бастама – халықтың білімге, мәдениетке және заманауи ақпарат көздеріне қолжетімділігін арттыртын маңызды қадам

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде жаңа Конституция жобасы талқыланды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.