Ұлттық ұланның бастамасымен “Cyber sarbaz” сыныбы ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Ақпан 5, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Ұлттық ұланның бастамасымен “Cyber sarbaz” сыныбы ашылды

04.02.2026
0
Ұлттық ұланның бастамасымен “Cyber sarbaz” сыныбы ашылды

Астана қаласындағы №115 мектепте “Жас бүркіт” патриоттық клубының “Cyber sarbaz” сыныбы ашылды. Жоба Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінің бастамасымен қолға алынды.

Жаңа сынып құрамына 23 оқушы қабылданды. Салтанатты рәсім барысында олар Ұлттық ұланның айрықша нышаны саналатын қызыл-қоңыр жолақ кеудеше, “Жас бүркіт” кеуде белгілері және арнайы куәліктермен марапатталды.

Іс-шарада сөз сөйлеген 5573 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Аслан Оразалин бастаманың маңызына тоқталды.

— Жастардың ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгеруі – уақыт талабы. “Cyber sarbaz” сыныбы жас ұрпақтың бойында отансүйгіштікпен қатар тәртіп, жауапкершілік және заманауи білім қалыптастырады, – деді ол.

Жоба аясында оқушыларға патриоттық тәрбие берумен қатар цифрлық сауаттылықты арттыру, ақпараттық қауіпсіздік негіздерін үйрету, киберкеңістіктегі қауіп-қатерлердің алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіледі.

Айта кетейік, бұл бастама білім беру ұйымы мен әскери құрылым арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтып, өскелең ұрпақты тәрбиелеудің тиімді үлгісін көрсетеді. Ұлттық ұланның елордалық әскери бөлімі қолға алған жоба патриоттық тәрбиені заман талабына сай жаңғыртып, жастардың ел болашағына деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Экономиканың басты қозғаушы күші – өнеркәсіп

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Бұл бастама – халықтың білімге, мәдениетке және заманауи ақпарат көздеріне қолжетімділігін арттыртын маңызды қадам

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.