Инновациялық оңалту экзоскелеті нарыққа шығады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Ақпан 7, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Білім

Инновациялық оңалту экзоскелеті нарыққа шығады

06.02.2026
0
Инновациялық оңалту экзоскелеті нарыққа шығады

Nazarbayev University-нің (NU) ғалымдары əзірлеген Astana Gait Exoskeleton Assisted Rehabilitation (A.GEAR) инновациялық медициналық экзоскелеті мемлекеттік тіркеудің барлық кезеңінен ресми түрде өтіп, жаппай өндіріске дайын болды.

Құрылғы инсульттен кейінгі науқастарды жəне тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарды оңалтуға арналған. Ол Дəрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының оң қорытындысынан кейін тіркеу куəлігін алды.

A.GEAR — клиникалық қолдануға толық дайын отандық жоғары технологиялы медициналық құрылғылардың санаулысының бірі. Оның құны шетелдік баламалардан бірнеше есе төмен. Бұл Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін озық оңалту технологияларын қолжетімді етіп, қымбат импортқа тəуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

«Əлемде ғылыми идеядан бастап медициналық құрылғыны тəжірибеге енгізуге дейінгі жол əдетте 10–15 жылға созылады. Біз бұл кезеңнен небəрі төрт жылда — зертханадан сертификатталған медициналық өнімге дейін — өте алдық», — деді жоба жетекшісі, NU профессоры Прашант Джамвал. Оның айтуынша, экзоскелет импорттық оңалту роботтарын алмастырып, бюджет қаражатын миллиондаған доллар көлемінде үнемдеуге жəне еліміздің барлық өңіріндегі пациенттердің заманауи қалпына келтіру əдістеріне қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Экзоскелетті əзірлеу 2021 жылдың соңында NU жанындағы Медициналық робототехника зерттеулерін өткізетін құзырет орталығында (CEMRR) басталды. Жобаны коммерцияландыруды NU түлегі Шыңғыс Дəулетбаев басқаратын Robotics and Artificial Intelligence ЖШС жүзеге асырады.

Nazarbayev University президенті, профессор Вакар Ахмад жобаның маңыздылығын атап өтті: «Университет ғалымдарының əлемдегі ең үздік зерттеушілердің 2%-ына кіруі біз үшін үлкен мақтаныш. Олардың əзірлемелері Қазақстанның дамуына ғана емес, медицина мен технология саласындағы жаһандық прогреске де үлес қосады».

A.GEAR клиникалық сынақтары Қарағанды мен Астана қалаларының медициналық ұйымдарында инсульттен кейінгі пациенттердің жəне балалар церебралды сал ауруы диагнозы қойылған жасөспірімдердің қатысуымен жүргізілді. Техникалық жəне клиникалық сынақтар сəтті аяқталып, тіркеу куəлігі алынғаннан кейін жоба командасы «СК-Фармация» ЖШС-мен ұзақ мерзімді келісімшарт жасауға дайындықты жəне дистрибьютор іздеуді бастады.

2026 жылы Nazarbayev University Технопаркі базасында ТОО Robotics and Artificial Intelligence кемінде бес экзоскелет өндіру жоспарлап отыр. Кейін медициналық ұйымдарға жеткізу көлемін ұлғайтып, қымбатырақ импорттық жабдықты кезең-кезеңімен алмастыру көзделген.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алматыда конституциялық түзетулер қолдау тауып, олардың мәні түсіндірілді  

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Кәсіподақтар федерациясы қазақстандықтарға Үндеу қабылдады

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.