Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ГлавнаяНовостиСпорт

ТЖМ қызметкері BJJ халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды

Қарағанды қаласында «Karaganda BJJ Open Championship – Winter 2026» ашық халықаралық турнир өтті. Ол Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен, таяу шет елдерден және БАӘ-ден 2000-нан астам спортшыны біріктірді.

Беделді жарыстарға Павлодар облысы ТЖД Өнеркәсіптік қауіпсіздік басқармасының қызметкері Қадырбек Ербол қатысты. Ол Master-3 санатында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті.

Екі күн бойы өткен жарыста Ербол өзінің жоғары дайындығын, табандылығын және нағыз спортшыға тән мінезін көрсетті. Турнир қорытындысы бойынша ол GI (кимонода) бөлімінде жеңімпаз атанып, NO-GI (кимоносыз) бөлімінде қола жүлдені иеленді.

Медальдар үлкен еңбектің, тәртіптің және спортқа деген шынайы сүйіспеншіліктің нәтижесі.

Ұқсас жаңалықтар

Сенсация: ласточку из Алматы обнаружили в Кении

admin_altyalash

Два «золота» и два «серебра»: Сборная Казахстана выступили на Кубке Азии по триатлону

admin_altyalash

Aitu на первом заседании Совета по развитию ИИ

admin_altyalash