Астанада ALEM TECH FEST 2026 фестивалінің ашылуы өтті – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Бейсенбі, Ақпан 12, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Астанада ALEM TECH FEST 2026 фестивалінің ашылуы өтті

11.02.2026
0
Астанада ALEM TECH FEST 2026 фестивалінің ашылуы өтті

Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында Астанадағы EXPO халықаралық көрме орталығында Орталық Азиядағы робототехника, жасанды интеллект және STEM-білім беру саласындағы ең ірі фестиваль – ALEM TECH FEST 2026 салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара 13 ақпанға дейін жалғасады.

Бірнеше күн бойы қатысушылар инженерлік жобаларын ұсынып, жарыстарға қатысып, заманауи технологиялық бағыттарға арналған білім беру белсенділіктеріне атсалысады. Фестиваль Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Эстония, Вьетнам және Гонконгтан келген 5000-ға жуық оқушы қатысуда.

Фестивальдің алғашқы күні FIRST LEGO League (Explore және Challenge), FIRST Tech Challenge (FTC), RoboCup Soccer, RoboCup Rescue, Physical AI Championship, FPV Simulator Racing, Whoop Racing, Drone Football, Alem Drone Challenge, AI Drone Challenge бағыттары бойынша жарыстар мен білім беру бағдарламалары басталды. Сондай-ақ, оқушылар Hour of AI білім беру бастамасы арқылы интерактивті тапсырмаларды орындай отырып, жасанды интеллект негіздерімен танысатын болады.  Бұдан бөлек, қатысушылар WSO бағыты аясында спутниктік жобаларды әзірлеуге және түрлі жарыс санаттары бойынша робототехникалық шешімдер дайындауға кірісті.

Ашылу салтанатында Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Бақтияр Мұхаметқалиев ALEM TECH FEST-тің маңызын ерекше атап өтті.

«Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында өткізіліп отырған ALEM TECH FEST – жас ұрпақтың технологияға қызығушылығын арттыратын маңызды алаң. Бүгінде мыңдаған оқушы ерте жастан робототехника, бағдарламалау және жасанды интеллект бағытында білім алып, өз қабілеттерін шыңдап келеді. Министрлік цифрлық дағдыларды дамытуға және Қазақстанда тұрақты инновациялық экожүйе қалыптастыруға бағытталған осындай бастамаларды әрдайым қолдайды», – деді вице-министр.

Фестивальдің келесі күндерінде іріктеу және финалдық кезеңдер, инженерлік жобалардың таныстырылымдары, командалық сұхбаттар мен әзірлемелердің көрсетілімдері, сондай-ақ білім беру сессиялары мен тақырыптық белсенділіктер жалғасын табады. Бағдарламаның әр күні түрлі технологиялық бағыттарға арналып, командалар өз жұмыстарының нәтижелерін ұсынып, сараптамалық бағалаудан өтіп, халықаралық финалдарға жолдама алу үшін бақ сынайды.

ALEM TECH FEST 2026 мыңдаған оқушыны, тәлімгерлер мен сарапшыларды біріктіріп, тәжірибе алмасуға, инженерлік ойлауды дамытуға және жастар арасында инновациялық шешімдерді ілгерілетуге арналған алаң қалыптастырады.

Фестивальдің негізі Central Asia FIRST Championship робототехника чемпионаты болып табылады. Ол Орталық Азия елдерінен келген балалар мен жасөспірімдерді FIRST халықаралық білім беру және инженерлік бағдарламаларына қатысу үшін біріктіреді. Бағдарламалар тәжірибелік тапсырмалар мен жарыстар арқылы инженерлік ойлауды, жобалық қызметті, командалық жұмысты, бағдарламалауды және креативті дағдыларды дамытуға бағытталған (www.firstrobotics.kz).

Ағымдағы маусымның FIRST тақырыбы – «Археология». Қазан айынан бастап Қазақстан бойынша 1200-ден астам команда өңірлік чемпионаттар мен іріктеу кезеңдеріне қатысып, өз жобаларын кәсіби археологтар мен салалық мамандарға ұсынды. Іріктеу нәтижесінде ұлттық кезеңге 450-ден астам команда (5000-нан аса бала) жолдама алды.

Астанада өтетін ұлттық чемпионат барысында 50 үздік команда анықталып, ел намысын халықаралық жарыстарда қорғайды. Оның ішінде 14 команда АҚШ-тың Хьюстон қаласында өтетін FIRST Championship әлемдік финалына жолдама алады. Бұл финалға әлемнің түкпір-түкпірінен 50 000-нан астам қатысушы жиналады. Тағы 36 команда Мексика, Канада, Нидерланд, Түркия, БАӘ, Қытай, Грекия және Оңтүстік Кореяда өтетін халықаралық кезеңдерде өнер көрсетеді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан азаматтардың цифрлық құқықтарын Конституцияда бекіткен әлемдегі алғашқы елдердің бірі болмақ – Айдос Сарым

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ: САРАПШЫЛАР ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ДАМУҒА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.