Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтарСпорт

Үздік бестікте! Алда – шешуші сайыс

Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында көпшілік асыға күткен мәнерлеп сырғанаудан ерлер бәсекесінен финалға өткен 24 спортшының есімі белгілі болды. Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Михаил Шайдоров өзінің қысқа бағдарламасында 92.94 ұпай жинап, 5-орынға тұрақтады.

Қысқа бағдарламаның қорытындысы (29 қатысушы):

1.Илья Малинин (АҚШ) – 108.16 ұпай

2.Юма Кагияма (Жапония) – 103.07

3. Адам Сяо Хим Фа (Франция) – 102.55 ұпай (мансабындағы жеке рекорды)

4.Даниэль Грассль (Италия) – 93.46 ұпай

Шешуші еркін бағдарлама 13 ақпан күні Астана уақытымен 21:00-де өтеді.

Айта кетейік, мәнерлеп сырғанаудан ел тарихында Денис Тен 2014 жылы Сочи Олимпиадасының қола жүлдесін алған еді.

Фото: Сали САБИРОВ

Ұқсас жаңалықтар

Үкіметте экономиканы одан әрі өсіруді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

admin_altyalash

Айдарбек Сапаров көктемгі дала жұмыстарының барысымен танысты

admin_altyalash

Елордалық Достық үйінде Дина Нұрпейісованың шығармашылығы туралы кітаптың таныстырылымы өтті

admin_altyalash