Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиНовостиОбщество

Ақтөбе облысында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты тіркейтін жаңа кешендер орнатылды

Ақтөбе облысының Қандыағаш және Алға қалаларында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеуге арналған «SUNQAR» заманауи аппараттық-бағдарламалық кешендері іске қосылды. Аталған кешендер патрульдік полиция қызметкерлерінсіз жұмыс істейді және жасанды интеллект технологиялары негізінде жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын жоғары дәлдікпен анықтауға мүмкіндік береді.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жүйе көлік құралдарын, мемлекеттік тіркеу нөмірлерін және құқық бұзушылық түрлерін автоматты түрде танып, тіркелген деректерді бірден ЕРАП ақпараттық жүйесіне жібереді. «SUNQAR» кешендері жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға бағытталған.

Цифрлық бейнебақылау камералары Алға қаласының Абай көшесі мен Вокзальный тұйық көшесінің қиылысына, Ә. Жангелдин көшесіне, Қандыағаш қаласының Тәуелсіздік даңғылы бойында, «Фосфорит» гараждар кооперативі жанында және А. Байтұрсынов пен Т. Байқұнов көшелерінің қиылысында орнатылған.

«Жол қозғалысы ережелерінің 5.42-тармағына сәйкес “фото-бейнефиксация” жол белгісін орнату міндетті емес» — деп нақтылады Полиция департаментінде.

Ұқсас жаңалықтар

В Акмолинской области прошло спортивное мероприятие для особых детей

admin_altyalash

АЭС-лучшее достижение мировой науки

admin_altyalash

ВЗНОС ПРЕЗИДЕНТА В ЭНДАУМЕНТ-ФОНД ҚАЗАҚ ТІЛІ ВЫРОС В 100 РАЗ  

admin_altyalash