Елордалық кәсіпорнның еңбек ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Жұма, Ақпан 13, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Елордалық кәсіпорнның еңбек ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады

12.02.2026
0
Елордалық кәсіпорнның еңбек ұжымы жаңа Конституция жобасын қолдады

Астана қаласында Қоғамдық кеңес мүшесі, Конституциялық комиссия мүшесі Замира Кузиеваның «Бірыңғай шоғырландыру орталығы» ЖШС еңбек ұжымымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын түсіндіруге арналған кездесуі өтті.

Кездесу барысында мемлекеттілікті нығайтуға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және азаматтардың мемлекет ісін басқаруға қатысуын кеңейтуге бағытталған құжаттың негізгі ережелері талқыланды.

Кездесу кезінде Замира Кузиева бизнес қауымдастығының өкілі әрі күнделікті адамдармен тікелей жұмыс істейтін басшы ретінде өз ұстанымын білдірді. Ол өз сөзінде: «Мен үшін жаңа Конституция – ел дамуының алдағы жылдарға арналған бағытын айқындайтын маңызды бағдар», – деп атап өтті.

Сондай-ақ, жаһандық өзгерістер жағдайында құқықтық кеңістіктің тұрақтылығы мен болжамдылығы аса маңызды екенін жеткізді: «Негізгі заң азаматтар мен бизнес үшін тұрақтылықты, түсінікті ережелерді және болжамдылықты қамтамасыз етуі өте маңызды», – деді ол.

Жиын барысында жобаға енгізілген әлеуметтік кепілдіктерге де ерекше назар аударылды. Спикердің айтуынша: «Конституция әлеуметтік кепілдіктерді, еңбек ету, қызмет түрін еркін таңдау, демалу және әлеуметтік қорғалу құқықтарын күшейтеді».

Замира Кузиева бұл нормалар экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы тепе-теңдікті қалыптастыратынын атап өтті: «Экономикалық даму мен әлеуметтік жауапкершілік арасындағы бұл тепе-теңдіксіз тұрақты өсім мүмкін емес», – деді ол.

Ұсынылып отырған өзгерістердің маңызына тоқтала отырып, сарапшы: «Мен үшін жаңа Конституция – мемлекет, бизнес және азаматтар ортақ ережелер мен мақсаттарды түсініп, бір бағытта алға жылжитын серіктестікке жасалған қадам», – деп атап өтті.

Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойғаны да айтылды. Бұл әрбір азаматқа елдің негізгі құжатына қатысты өз ұстанымын тікелей білдіруге мүмкіндік береді.

Кездесудің қорытындысында қатысушылар референдумға белсенді қатысудың маңыздылығын атап өтті. Сарапшы жаңа Конституция жобасын қолдауға, елді жаңғырту, тұрақты даму және Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырды.

 

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Ақтөбе облысында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықты тіркейтін жаңа кешендер орнатылды

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

2027 жылы Астанада УЕФА-ның 51-ші Конгресі өтеді

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.