Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбщество

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

 ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!

 Сіздің референдумға қатысуға конституциялық құқығыңызды іске асырудың кепілі Сізді республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімдеріне енгізу болып табылады.

Тізімдерді жергілікті атқарушы органдар дауыс беру үшін нақты учаскенің аумағында тұрғылықты жеріңіз бойынша тұрақты тіркелуіңіздің негізінде жасайды. Уақытша тіркелген азаматтар берген өтініші негізінде тізімдерге енгізіледі.

Дауыс беруге арналған учаскелер мен олардың шекаралары туралы мәліметтерді тиісті әкімдер 2026 жылғы 21 ақпанға дейін жариялайтын болады. Сіз өзіңіздің учаскеңізді біліп, тізімге енгізілгеніңізді тіркелген жеріңіз бойынша жергілікті атқарушы органға хабарласу арқылы тексере аласыз. Тізімде болмаған жағдайда, Сіз әкімдікке тиісті өтініш беруге құқылысыз.

2026 жылғы 27 ақпаннан бастап Сіздің дауыс беру учаскеңізде Сізге республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде өзіңіз туралы деректерді тексеру мүмкіндігі беріледі. Егер қандай да бір өзгерістер енгізу қажет болса, Сіз дереу учаскелік референдум комиссиясына өтінішпен жүгіне аласыз.

Сізді азаматтық жауапкершілік танытуға және 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Я бы хотел стать их частью — Мадс Миккельсен о предстоящих Всемирных играх Кочевников в Астане

admin_altyalash

Токаев: 10 самых загрязненных городов газифицируют к 2025 году

admin_altyalash

Какие улицы перекроют в Алматы на Наурыз

admin_altyalash