Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Сенбі, Ақпан 14, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды

13.02.2026
0
Маңғыстауда елдегі екінші бірегей жедел жәрдем станциясы ашылды

Бүгін, 13 ақпан күні Ақтау қаласында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың қатысуымен жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсете алатын, заманау үлгідегі Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының ғимаратының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға ҚР Бас прокурорының орынбасары Ғабит Садырбеков, ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Тимур Мұратов, мемлекеттік органдардың өкілдері, медицина саласының ардагерлері мен өңір дәрігерлері қатысты.

Салтанатты жиында облыс әкімі жиналғандарды құттықтап, жаңа нысанның өңір үшін маңыздылығына тоқталды.

«Әлеуметтік нысан Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Бас прокуратура қайтарған активтер есебінен және Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен салынды. Бұл – Маңғыстау жұртшылығы үшін үлкен қуаныш. Жаңа ғимарат жедел медициналық көмектің қолжетімділігін арттырып, тұрғындарға сапалы әрі уақтылы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Ақ халатты жандардың қажырлы еңбегі әрдайым құрметке лайық. Жаңа нысан сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдетіп, кәсіби мүмкіндіктеріңізді кеңейтеді деп сенемін», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

Заманауи станция жылына 100 мың шақыртуға қызмет көрсетуге арналған. Ғимарат орталықтандырылған біріккен диспетчерлік қызметпен, симуляциялық және оқу-практикалық орталықпен, сондай-ақ 20 санитарлық автокөлікке арналған жылы гаражбен жабдықталған.

Сонымен қатар 2025 жылы Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық жедел медициналық жәрдем станциясына заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған 32 санитарлық автокөлік сатып алынды. Бұдан бөлек «NCOC» компаниясының демеушілік қолдауы аясында қосымша 20 санитарлық автокөлік алынды. Бұл қолдау өңір тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл нысан бірегейлігі жағынан Астана қаласынан кейінгі екінші станция. Алдағы уақытта еліміздің барлық өңірінде осындай үлгідегі медициналық мекемелер салу жоспарланып отыр. Бұл нысанның басты ерекшелігі – мұнда дәрігерлердің сапалы жұмыс істеуі үшін қажетті барлық жағдай жасалған.

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ: КОНСТИТУЦИЯ БОЙЫНША РЕФЕРЕНДУМ – САЯСИ ЖҮЙЕНІ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ ЖОЛЫНДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҚАДАМ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ҚЫЗЫЛОРДАДА «ӘДІЛЕТТІ ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОНСТИТУЦИЯСЫ ҮШІН!» ӨҢІРЛІК КОАЛИЦИЯСЫ ҚҰРЫЛДЫ

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.