Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Қарағандылық спортшылар артистік жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңінде 11 медаль жеңіп алды

Колумбияның Медельин қаласында көркем жүзуден Әлем кубогының алғашқы кезеңі өтті. Қарағанды облысының спортшылары маусымды жоғары деңгейде бастап, 11 медаль еншіледі: үш алтын, бес күміс және үш қола.

Карина Магрупова, Ксения Макарова және Наргиза Болатова 189,9 ұпай жинап, топтық еркін бағдарламада бірінші орынға ие болды. Күміс жүлде Колумбия құрамасына (155,9 ұпай), қола медаль Бразилия командасына (131,7 ұпай) бұйырды.

Акробатикалық бағдарламада Карина Магрупова, Ксения Макарова және Наргиза Болатова Виктор Друзинмен бірге 162,9 ұпай нәтижесімен жүлделі тұғырдың екінші сатысына көтерілді.

Сондай-ақ Виктор Друзин мен Наргиза Болатова микс-дуэттер арасындағы еркін бағдарламада қола медаль жеңіп алды.

Бұдан бөлек, Виктор Друзин жеке орындаудағы техникалық бағдарламада да қола жүлдегер атанды.

Медельин — Колумбиядағы халқының саны жөнінен екінші қала. Ол 1616 жылы негізі қаланған. Бұрын Вилья-де-Нуэстра-Сеньора-де-ла-Канделария-де-Медельин деп аталған. Қазіргі таңда қала «Мәңгілік көктем қаласы», «Таулар астанасы» және «Гүлдер қаласы» деген атаулармен белгілі. Дәл осы шаһарда қарағандылық спортшылар алдағы маусымға сенімді әрі жарқын қадам жасады.

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin_altyalash

Қайырымдылық қоры Қызылорда облысының дамуына қолдау көрсетті

admin_altyalash

Астанада 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған мерейтойлық пошта маркасы салтанатты түрде таныстырылды

admin_altyalash