Милан-Кортина 2026: Қазақстан тарихи алтынның арқасында Олимпиаданы ТОП-20 қатарында аяқтады – Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Дүйсенбі, Ақпан 23, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Милан-Кортина 2026: Қазақстан тарихи алтынның арқасында Олимпиаданы ТОП-20 қатарында аяқтады

23.02.2026
0
Милан-Кортина 2026: Қазақстан тарихи алтынның арқасында Олимпиаданы ТОП-20 қатарында аяқтады

Италияның Верона қаласында тарихи «Олимпиадалық аренада» XXV қысқы олимпия ойындарының ресми жабылу рәсімі өтті.

Салтанатты кеш үшін бұл кешен арнайы таңдалған. Арена ди Верона амфитеатры жарыс қожайыны Италияның бай тарихы тоғысқан жер. Енді мұнда наурызда қысқы Паралимпиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Ауқымды іс-шара музыка, өнер мен спортты бірге тоғыстырып, спортшылар мен елдер арасындағы бірлікті көрсетуге тырысты.

Спортшылар шеруінен соң Олимпиада туы түсіріліп, ол келесі бәсекені қабылдайтын елге табысталды. Келесі ойындарды 2030 жылы Францияның Альпі тауларында өтеді. Бұл Франция үшін тарихтағы төртінші қысқы Олимпиада болмақ (осыған дейін 1924, 1968 және 1992 жылдары өткізген).

Қазақстан Милан-Кортина ойындарында 1 алтын медальмен жалпыкомандалық есепте 19-орын алды. Бұл 1994 жылғы Лиллехаммер Олимпиадасынан кейінгі үздік көрсеткіш (12-орын). Миланда қоржынға жалғыз жүлдені мәнерлеп сырғанаудан Михаил Шайдоров салды. Ол – спорттың осы түрінен Олимпиада чемпионы атанған тұңғыш отандасымыз. Осыған дейін бұл спорт түрінен Қазақстан қоржынында тек қола жүлде болған. 2014 жылғы қысқы Олимпиадада Денис Тен 3-орыннан көрінген.

Сонымен қатар конькимен жүгіруден Надежда Морозова 3000 метр қашықтықта 6-орын, 5000 метрде 10-орын алып, 1998 жылдан бергі отандық конькишілердің ең үздік көрсеткішін тіркеді. Елизавета Голубева 1500 метрде 7-нәтиже көрсетіп, 3000 метрде үздік ондыққа енді. Сонымен қатар әйелдер құрамасы командалық жарыста Олимпиаданың ең үздік сегіз командасының қатарына қосылды.

Шаңғымен тұғырдан секіруден 19 жастағы Илья Мизерных үлкен трамплинде 8-орын алып, осы спорт түрі бойынша Қазақстанның Олимпиада тарихындағы ең үздік нәтижесін көрсетті.

Шорт-тректе Денис Никиша 500 метр қашықтықта 7-орынға ие болып, алдыңғы Олимпиададағы нәтижесін жақсартты. Фристайл-могулда бірден екі спортшымыз үздік ондыққа енді: Анастасия Городко 8-орын, Павел Колмаков 9-орын алып, 2022 жылғы ойындардағы көрсеткіштерін жақсартты. Сондай-ақ конькимен жүгіру сайысында Евгений Кошкин 500 метр қашықтықта 9-орын, фристайл-акробатикадан (микст) командалық бәсекеде жерлестеріміз 7-орын алды.

Мәнерлеп сырғанаудан 19 жастағы Софья Самоделкина алғашқы Олимпиадасында 10-орын иеленді. Бұл – Қазақстан тарихындағы әйелдер арасындағы мәнерлеп сырғанаудан Олимпиададағы ең жоғары нәтиже.

Айта кетейік, Милан-Кортина Олимпиадасында Қазақстан құрамасы сапында 10 дисциплинада 36 спортшы (18 ер, 18 әйел) сынға түсті.

Жалпы ақ Олимпиадаға 93 мемлекеттен 3000-ға жуық атлет жиналды. Олар 22 ақпанға дейін 16 бағдарламада 116 медаль жиынтығын сарапқа салды.

Фото: Сали САБИРОВ

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Алтынкөл – Қорғас торабының өткізу қабілеті екі есеге жуық артады

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Алматыда Halyk Arena заманауи сәулеттік жарықпен жаңарды

Пікір қалдыру Бас тарту

Сіздің электронды поштаңыз жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.