Автожол саласын дамытудың 2026 жылға арналған жоспарлары айқындалды – Altyalash.kz
Friday, February 27, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

Автожол саласын дамытудың 2026 жылға арналған жоспарлары айқындалды

26.02.2026
0

Көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаровтың төрағалығымен Автомобиль жолдары комитетінің, ведомстволық бағынысты ұйымдар мен олардың филиалдарының басшылығы, сондай-ақ облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың салаға жетекшілік ететін басқармалардың басшылары қатысқан кеңейтілген кеңес өтті. Жиында өткен жол-құрылыс маусымының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған саланың даму басымдықтары айқындалды.

Өткен жол-құрылыс маусымын қорытындылай келе, атқарылған жұмыстардың ауқымды көлемі атап өтілді. Атап айтқанда, 2025 жылы барлық жұмыс түрлерімен шамамен 13 мың шақырым жол қамтылды. Оның ішінде 6 мың шақырым жолда жұмыстар толық аяқталды: 3 мың шақырымы – республикалық желіде, 3 мың шақырымы – жергілікті желіде.
Жыл қорытындысы бойынша нормативтік жағдайдағы жолдардың үлесі республикалық желіде 94%-ға, жергілікті желіде 91%-ға дейін жеткізілді.

Автомобиль жолдарында 10 мыңнан астам техника бірлігі және шамамен 25 мың өндірістік персонал жұмылдырылды. 10 млн тоннадан астам асфальтбетон қоспасы төселіп, 1 218 мың тонна жол битумы пайдаланылды.

Кеңес барысында ағымдағы жылға арналған жоспарлар талқыланды. Биыл республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымнан астамы жобалармен қамтылмақ. Бұл жаңа құрылыс жұмыстарын да, сондай-ақ қолданыстағы жол желісін реконструкциялау, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарын да қамтиды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған стратегиялық инфрақұрылымдық бағыттарды белсенді іске асыру басталады. Олардың қатарында «Орталық – Батыс», «Қарағанды – Жезқазған», «Сарыағаш қаласын айналып өту жолы» және өңірлердің көлік байланысын нығайту мен елдің транзиттік әлеуетін дамытуға ықпал ететін маңызды жобалар бар.

Кеңесте саланы цифрлық трансформациялау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Елде республикалық және жергілікті маңызы бар жолдар жөніндегі деректерді бірыңғай цифрлық платформаға біріктіретін «Е-Жолдар» бірыңғай ақпараттық жүйесі құрылуда. Қазіргі уақытта «Жол паспорты», «Жол жөндеу» және «Қоғамдық бақылау» модульдері әзірленді, жол желісі бойынша толық әрі өзекті ақпаратпен «Жол паспорты» модулін толтыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.


2026 жылдың екінші жартысында «Талдау», «Жүргізушілерге арналған инфроорталық» және «Жағдайлық орталық» модульдерін әзірлеу аяқталғаннан кейін жүйені пилоттық пайдалануға енгізу жоспарланып отыр. Цифрландыру үдерістердің ашықтығын қамтамасыз етіп, жолдардың жай-күйін жедел мониторингтеуге, атқарылған жұмыстардың сапасын бақылауға және елдің автожол инфрақұрылымын тиімді басқаруға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Сонымен қатар кеңес барысында Астана агломерациясын дамыту, жергілікті жол желісін жаңғырту, салалық ғылымды ілгерілету және кадр даярлау мәселелері де жеке қаралды.

Кездесу қорытындысында Мақсат Қалиақпаров басым бағыттар ретінде сапаны қамтамасыз ету, мерзімдерді сақтау, заманауи технологияларды енгізу және барлық жоспарланған жобаларды мүлтіксіз іске асыру маңызды екенін атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Жастар және жасанды интеллект: «KYZYLORDA mobfest» өтті

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қызылорда өңірінде «КӨКТЕМ-2026» РКШОЖ өткізілді

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.