Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік саясаттың негізі адам және оның әлеуеті екені айқын көрсетілген – Altyalash.kz
Saturday, February 28, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Аймақ жаңалықтары

Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік саясаттың негізі адам және оның әлеуеті екені айқын көрсетілген

27.02.2026
0
Аида Балаева: Жаңа Конституция жобасында мемлекеттік саясаттың негізі адам және оның әлеуеті екені айқын көрсетілген

 «Әділ және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттерімен кездесті. Делегацияны ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева басқарды. Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Конституциялық реформа комиссиясының мүшелері және басқа да тұлғалар қатысты.

Кездесу барысында Премьер-министрдің орынбасары жаңа Конституция жобасы Қазақстанның білім беруді дамыту және адам капиталының рөлін арттыру бағытындағы стратегиялық бағдарын көрсететінін айтты. Осыған орай ілім беру, ғылым, мәдениет және инновациялар басты басымдықтар ретінде айқындалды.

 «Қазіргі таңда әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, тұрақты экономикалық өсімге қол жеткізген мемлекеттер ең алдымен білім беру жүйесіне инвестиция салып, ғылыми-зерттеу қызметін қолдауға басымдық берген. Себебі жоғары технологиялық өндірістер, цифрлық экономика және креативті индустрия дәл осы адами капиталдың сапасына негізделеді. Ғылым мен инновацияны дамыту – экономиканы әртараптандырудың басты тетіктерінің бірі. Бұл жаңа өндірістерді қалыптастыруға, технологиялық тәуелсіздікті қамтамасыз етуге және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Осы ретте жаңа Конституция жобасында білім, ғылым, мәдениет және инновация салаларына ерекше көңіл бөлінуі – Қазақстанның білімге негізделген экономика құруға бағытталған стратегиялық таңдауының айқын көрінісі деп білемін. Бұл жоғары білім беру жүйесінің сапасын арттыруға, ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін көтеруге және инновациялық экожүйені дамытуға бағытталған институционалдық өзгерістердің құқықтық негізін қалайды.», – деді А. Балаева.

Сонымен қатар Үкімет басшысының орынбасары жаңа Конституцияда елдің болашағын айқындайтын адам, оның білімі, құзыреттілігі және әлеуеті даму моделінің ортасына қойылатындығын және осы бағытта елдің дамуының жаңа кезеңіне өтудің заңды негіздері қарастырылғанын атап өтті.

«Жаңа Конституция жобасында да мемлекеттік саясаттың өзегі – адам және адам әлеуеті екені нақты айқындалған. Бұл – еліміздің даму моделінің түбегейлі жаңғыруын білдіретін маңызды ұстаным. Себебі қазіргі жаһандық бәсекелестік жағдайында табысты даму білімге, ғылымға және технологиялық прогреске негізделген адами әлеуеттің сапасына тәуелді. Осы тұрғыда жаңа Конституция жобасының 3-бабының 2-тармағында: «Қазақстан Республикасы адами капиталды, білімді, ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды» деп нақты көрсетілген. Бұл норма ендігі жерде білім беру жүйесін дамыту, ғылыми зерттеулерді қолдау және инновациялық бастамаларды ілгерілету тек әлеуметтік саясаттың бір бағыты ғана емес, ұлттық дамудың негізгі стратегиялық басымдығына айналатынын білдіреді. Яғни, мемлекет болашағы ең алдымен азаматтардың зияткерлік әлеуетіне, кәсіби даярлығына және шығармашылық мүмкіндіктеріне тәуелді болады. Басқаша айтқанда, XXI ғасырдағы басты капитал – бұл білімді, білікті және жаңашыл ойлайтын адам.», – деп түйіндеді Премьер-министрдің орынбасары.

Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев конституциялық реформа соңғы жылдардағы ауқымды саяси өзгерістердің логикалық жалғасы болғанын және қоғамның сұранысы негізінде қалыптасқанын атап өтті. Оның айтуынша, цифрлық мемлекеттік платформалар арқылы көптеген ұсыныс түсті, бұл азаматтардың құжатты әзірлеуге белсенді қатысқанын айқын көрсетті және жобаның шынайы «халықтық» сипаты туралы айтуға негіз болды.

Қазіргі заман қатеріне тоқтала келе, Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев цифрлық күн тәртібіне және мемлекетінің онлайн ортадағы жауапкершілігіне, сондай-ақ жобада экологиялық нормалардың күшейтілуіне ерекше мән берді.

«Бүгін біз әлеуметтік желіде хат алмасу және жеке деректерді қорғау құқығын конституциялық деңгейде бекітеміз. Маңыздысы, мемлекет тек офлайн ғана емес, онлайн да бізді қорғауға міндеттеледі. Сонымен қатар, жобада экологиялық бағыт күшейтілген: енді табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек сөзбен айту жеткіліксіз – оны қорғап, сақтауға міндеттіміз, ал қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін жауапкершілік қарастырылған», – деп атап өтті ол.

Филология факультетінің аға оқытушысы, айтыскер Жансая Мусина қоғамдық келісім, заңның үстемдігі және жастарды білім мен ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеудің маңызына тоқталды.

 «Конституция – бұл тек заңдар жинағы емес. Бұл мемлекеттің тірегі, біздің тәуелсіздігіміздің айғағы және әрбір азаматтың құқығы мен бостандығын қорғайтын негізгі құжат. Сондықтан жаңа Ата заңымыз – елдің болашағына негізделген мықты іргетас және біз осы бастамаларды қолдаймыз», – деді ол.

Жастар атынан 3-курс студенті, «Биология» мамандығының студенті Гүлназ Есқайырова сөз сөйлеп, білім беру мен ғылым саласындағы басымдықтардың жастар үшін болашаққа жасалатын инвестиция және өзін-өзі дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатынын айтты.

Кездесу барысында студенттер тарапынан білімді насихаттауға және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға бағытталған  экологиялық және ағартушылық жобалар сияқты бастамалар көтерілді. Қатысушылар жаңа Конституция жобасы қоғамда қызу талқыға түсіп, елдің болашағын айқындаудың басты негізіне айналғанын атап өтті.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Негізгі мақсат — ерте диагностиканы күшейту, медициналық көмекті үйлестіру

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

А.Балаева еңбек ұжымымен кездесуде: Мемлекеттік дамудың басым бағыттарының бірі – еңбек адамы

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.