Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті – Altyalash.kz
Monday, March 9, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

09.03.2026
0

2026 жылдың 16 ақпаны мен 4 наурызы аралығында жүргізілген қоғамдық пікір сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес, Қазақстан халқы конституциялық реформаны талқылау процесінен жоғары деңгейде хабардар және оны талқылауға белсенді қатысып отыр. Зерттеу 17 облыс пен республикалық маңызы бар 3 қалада тұратын 18 жастан асқан 8 000 респондентті қамтыды.
Сауалнамаға қатысқандардың жартысынан көбі (67,1%) жаңа Конституция жобасының мазмұнымен толық немесе ішінара таныс екенін айтқан. 27,3%-ы жаңа Конституция жобасы талқыланып жатқанын естігенін жеткізген.
Респонденттердің басым бөлігі (90,9%) жаңа Конституцияны қабылдауды қолдайтынын білдірген. Олардың ішінде 67,1% – толық қолдайды, ал тағы 23,8% – көбіне қолдайды.
Жаңа Конституция жобасындағы жекелеген ережелердің ішінде қоғамның негізгі құндылықтарын нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған нормалар ең жоғары қолдауға ие болып отыр. Атап айтқанда:
·       табиғатқа ұқыпты қарау қағидатын бекіту – 95,0%;
·       мәдениет, білім, ғылым және инновация құндылықтарын бекіту – 91,6%;
·       цифрлық ортада азаматтардың дербес деректерін қорғау – 89,9%;
·       некені ер мен әйел арасындағы ерікті әрі тең құқықты одақ ретінде айқындау – 86,7%.
Конституциялық реформа көбіне бейресми ортада талқыланады: отбасы мүшелері арасында (40,1%), достар мен таныстар арасында (29,9%), әріптестер арасында (24,2%).
Жаңа Конституция туралы өз пікірін қалыптастыру барысында азаматтар көбінесе осы саладағы мамандарға, яғни заңгерлерге, сарапшылар қауымдастығына, оның ішінде саясаттанушыларға, әлеуметтанушылар мен аналитиктерге, журналистерге, азаматтық қоғам өкілдеріне, сондай-ақ депутаттар мен мемлекеттік қайраткерлерге сенім артады.
2026 жылдың 15 наурызына белгіленген республикалық референдум қарсаңында халықтың электоралдық белсенділігінің жоғары екені анықталып отыр. «Еліміздің жаңа Конституциясын қабылдау бойынша республикалық референдум 2026 жылдың 15 наурызында өтеді. Айтыңызшы, сіз референдумға барып, дауыс бересіз бе?» деген сұраққа респонденттердің 74,8%-ы дауыс беруге қатысуға ниетті екенін мәлімдеген.
Дауыс беруге қатысуды жоспарлап отырғандардың ішінде «Егер Сіз жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қатыссаңыз, қалай дауыс беруді жоспарлап отырсыз?» деген сұраққа респонденттердің 90,9%-ы жаңа Конституцияны қабылдауды «ҚОЛДАЙМЫН» деп жауап беретінін айтқан. Жаңа Конституцияға қарсы екенін білдіргендер саны небәрі 4,6%. Сондай-ақ респонденттердің аз ғана бөлігі (4,5%) әлі де өздерінің соңғы таңдауын жасамаған.
Азаматтар үшін Референдум туралы негізгі ақпарат көздері цифрлық медиа мен дәстүрлі БАҚ болып табылады. Сауалнамаға қатысқандар көбінесе ақпаратты әлеуметтік желілердегі жазбалардан (34,8%), интернет-БАҚ жаңалықтарынан (32,1%) және теледидар жаңалықтарынан (30,6%) алады. Әр бесінші респондент әлеуметтік желілердегі қысқа видеоларды атап өтті.
Алынған деректер халықтың азаматтық белсенділігінің жоғары екенін және олардың елдегі маңызды мемлекеттік үдерістерге қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді. Респонденттердің басым бөлігі жаңа Конституция жобасын әзірлеу барысында қарапайым азаматтардың пікірі ескерілді деп есептейді.

Әлеуметтік сауалнама 2026 жылдың 16 ақпаны мен 4 наурызы аралығында Демократия институтының жеке қаражаты есебінен жүргізілді. Іріктеме репрезентативті. Іріктелген жиынтық көлемі 8 000 респондентті құрады. Зерттеуге 17 облыстан және республикалық маңызы бар 3 қаладан (Астана, Алматы және Шымкент) 18 жастан асқан азаматтар қатысты. Статистикалық қателік +-3,02% құрайды. Сауалнама Орталық сайлау комиссиясының жазбаша хабарламасымен жүргізілді.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Қазақстан эстрадасының жұлдыздары жаңа Конституцияны қолдау үшін бірікті – «Халықтың Ата Заңы» халық әнұраны

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.