Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Региональные новостиОбразованиеНовости

Атырауда білім беру саласына жасанды интеллект енгізілуде

Атыраудағы мектептерде заманауи технологиялар сабақ барысында қолданылып келеді. Бүгінде оқушылар жасанды интеллект мүмкіндіктерін тапсырма орындауға, жобалар әзірлеуге пайдаланса, мұғалімдер оқу процесін тиімді ұйымдастыруға және мазмұнын байытуға қолдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Қалалық педагогикалық оқулар байқауында физика пәні бойынша І орын иеленген ұстаз Абай Қасымовтың айтуынша, жасанды интеллекттің пайдалы тұстары аз емес. 

⁃Дәстүрлі сабақпен қатар ЖИ арқылы видеосабақтар мен түрлі білім беру бағдарламаларын әзірлеуге мүмкіндік бар. Заманауи әдістерді меңгеру – бүгінгі мұғалім үшін маңызды талап. Жан-жақты болуға, қазіргі оқушылардың талабына сай келуге жұмыстанамын, — деді физика пәнінің мұғалімі Абай Қасымов.

Оқушылар да жасанды интеллект құралдарын қолданады. Алайда бұл ұстаз бақылауында. ЖИ-ді тек өздігінен орындалған тапсырмаларды тексеруге және жобалық жұмыстар дайындауға пайдаланады.

Ұқсас жаңалықтар

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

admin_altyalash

В Кызылординской области проведено РКШУ «КӨКТЕМ-2026»

admin_altyalash

Этот проект имеет для меня особое значение – Президент РК о Каспийском трубопроводном консорциуме

admin_altyalash