Берік отбасы – берекелі қоғамның кепілі – Altyalash.kz
Thursday, March 12, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Қоғам

Берік отбасы – берекелі қоғамның кепілі

12.03.2026
0
Берік отбасы – берекелі қоғамның кепілі

фото:ашықдереккөз

Отбасы – кез келген қоғамның ең маңызды әрі берік тірегі. Адамның тұлға болып қалыптасуы, дүниетанымы мен мінез-құлқы ең алдымен отбасы тәрбиесі арқылы қалыптасады. Сондықтан отбасылық құндылықтарды нығайту – сол шаңырақтан бөлек, бүкіл қоғамның дамуына әсер ететін маңызды мәселе.

Қазақ халқы ежелден отбасының берекесіне, бірлігіне ерекше мән берген. Үлкенді құрметтеу, кішіге қамқор болу, ата-ананы ардақтау, бауырмалдық пен сыйластық – ұлттық тәрбиенің негізі. Осындай құндылықтар бала бойына ең алдымен отбасында сіңеді. Баланың алғашқы ұстазы – ата-ана. Сондықтан ата-ананың айтқан сөзі мен жасаған ісі бала үшін өмірлік үлгіге айналады.

Отбасы беріктігі туралы қанша айтсақ та, шаңырақтың шайқалуы, некенің бұзылуы сынды ақпаратты соғұрлым жиі естіп жүрміз. Мәселен, Ұлттық статистика бюросының дерегінше, биыл қаңдар айында 7 мыңға жуық ажырасу тіркеліпті. Оның ішінде ең көп бөлігі Түркістан облысында – 773 шаңырақ шайқалған. Ал ең аз көрсеткіш Ұлытау облысында тіркелген: 75 неке бұзылған. Бүгінгі отбасы құндылықтарының күннен күнге әлсіреп, төмендеп бара жатқанын отбасылық психолог Үміт Исмаилова растап отыр. Айтуынша,

қазіргі заманда қоғамның дамуы, технологияның қарқынды өсуі адамдардың өмір салтына да әсер етуде. Уақыттың тығыздығы, түрлі әлеуметтік қиындықтар кейбір отбасылардың бір-біріне көңіл бөлуіне кедергі келтіруі мүмкін. Осындай жағдайда отбасы мүшелерінің бір-бірін түсінуі, өзара қолдау көрсетуі ерекше маңызды. Бірге уақыт өткізу, ортақ әңгіме айту, отбасылық дәстүрлерді сақтау – шаңырақтың беріктігін арттыратын маңызды факторлар. Сондай-ақ психолог отбасындағы қарым-қатынас баланың дамуына, ой-санасына тікелей әсер етеді.

– Отбасындағы қарым-қатынас бала психикасының қалыптасуының арнасы ғой. Өйткені психика бірінші әлеуметтік рөлде, екіншісі баланың ішкі ойлау тәсілі ретінде байқалады. Сосын отбасының өмір салты арқылы реттеліп, бағытталып отырады. Баланың қай ортада да өзін қауіпсіз сезінуі үшін алдымен ер адам мен әйел адамның жақсы мәмілесі қажет. Сондықтан, ата-ана баланы дүниеге әкелмес бұрын баланың алдындағы «әке мен ана» рөлдерін жеке жеке түсініп, жауапкершілік жүгін сезінуі керек, – дейді психолог Ү. Исмаилова.

Кез келген отбасының берік қалануына, отбасы құндылықтарын нығайтуға қоғам да, мектеп те араласа алады. Оның себебін Үміт Исмаилова бірнеше мысалмен түсіндірді. Айтуынша, мектепте «Отбасы және этика» сабағын енгізіп балаларға жас кезінен шаңырақтың қымбат екенін құтырып өсіру абзал. Ал шаңырақ көтергендер үшін мектептің әлеуметтік институт ретіндегі рөлін ережелер қою арқылы немесе Білім жетілдіру институты, Отбасы институтының көмегін пайдалану керек.

Отбасындағы жылы қарым-қатынас пен психологиялық қолдау ана мен баланың қауіпсіз әрі жайлы ортада өмір сүруіне ықпал етеді. Баланың дұрыс тәрбиеленуі үшін ең алдымен үйдегі атмосфера тыныш әрі мейірімді болуы қажет. Әке мен ананың бір-біріне деген құрметі, жауапкершілігі мен қамқорлығы бала тәрбиесіне оң әсер етеді.

«Тәрбие тал бесіктен» деген сөз бар. Ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау да отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңызды тетігі саналады. Ондай тәрбиені көріп өскен бала болашақта да отбасы институтының маңызын түсініп, оны құрметтейтін азамат болып қалыптасады. Бүгінгі берекелі қоғамның кепілі – отбасы. Отбасындағы сыйластық, махаббат, жауапкершілік пен қамқорлық сияқты құндылықтар сақталған кезде ғана ұрпақ тәрбиесі дұрыс бағытта қалыптасады. Сондықтан әрбір азамат өз отбасындағы татулық пен бірлікті сақтауға күш салуға тиіс.

Айман ҚАСЫМҚЫЗЫ

altyalash.kz

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

Колледж студенттері тәжірибеден өтіп, өз өндірісін ашты

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

Қасым-Жомарт Тоқаев:Бұл – жай ғана ұран немесе популизм емес, мемлекеттік саясатымыздың бұлжымас қағидаты

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.