Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Ғылым-БілімЖаңалықтар

Колледж студенттері тәжірибеден өтіп, өз өндірісін ашты

Жамбыл облысындағы №7 Бетқайнар колледжінде заманауи тігін цехы іске қосылды. Бұл бастама студенттердің кәсіби дайындығын жаңа деңгейге көтеріп, білім мен өндірісті нақты біріктіретін бірегей алаңға айналды.

Колледждің бос ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, шағын кәсіпорынды заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен қаражат бөлінді. Нәтижесінде толық жабдықталған тігін цехы пайдалануға берілді.

Мұнда «тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығының студенттері дипломалды тәжірибеден өтіп, нақты тапсырыстарды орындауда. Бұл орта оларға кәсіби құзыреттерін дамытуға және еңбек дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Цехта ұлттық және заманауи стильдегі киімдер, сондай-ақ арнайы жұмыс киімдері тігіледі.

Колледждегі шағын кәсіпорын студенттерді нақты өндірісте кәсіби маман ретінде дайындайтын алаң. Ұлттық және заманауи киімдерді тігіп, нақты тапсырыстар орындау арқылы студенттер бәсекеге қабілетті маман болуға дайындалады.

Ұқсас жаңалықтар

Дастан Сәтпаевқа «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы табысталды

admin_altyalash

Павлодарда жаңбырға байланысты егіс жұмыстары кешігіп жатыр

admin_altyalash

Алматылық гимнаст Милад Карими Хорватияда өткен Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлде жеңіп алды

admin_altyalash