Албанияның Мемлекеттік сайлау комиссары: Қазақстандағы референдум ашық және заңбұзушылықсыз өтуде – Altyalash.kz
Monday, March 16, 2026
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Қазақша
Русский
Altyalash.kz
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Басқа…
    • Жаһан жаңалықтары
    • Қылмыс пен жаза
    • Өнер
    • Фотогалерея
No Result
View All Result
Altyalash.kz
No Result
View All Result
Басты бет Басты жаңалықтар

Албанияның Мемлекеттік сайлау комиссары: Қазақстандағы референдум ашық және заңбұзушылықсыз өтуде

15.03.2026
0
Албанияның Мемлекеттік сайлау комиссары: Қазақстандағы референдум ашық және заңбұзушылықсыз өтуде

Қазақстанда өткен республикалық референдумның өту барысын халықаралық бақылаушылар да қадағалап жатыр. Солардың бірі – Албания Республикасының Мемлекеттік сайлау комиссары Илирджан Челибаши. Ол Қазақстанға Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен келген.

Шетелдік делегация Астана қаласындағы бірнеше дауыс беру учаскесінде болды. Бақылаушылар барған нысандардың бірі – Астана қаласы әкімдігінің «№119 жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде орналасқан референдум учаскесі.

Илирджан Челибаши бұл оның Қазақстанға алғаш рет келуі екенін айтты.

«Мен Албания Республикасының Мемлекеттік сайлау комиссары болып қызмет атқарамын. Қазақстанға Орталық сайлау комиссиясының шақыруымен келдік. Бұл – менің де, біздің делегацияның да Қазақстанға алғашқы сапары», – деді ол.

Халықаралық бақылаушының айтуынша, референдум барысында көрген дайындық жұмыстары жақсы әсер қалдырған.

«Біз бірнеше учаскеде болдық. Дауыс беру процесінің қалай өтіп жатқанын көрдік. Комиссия мүшелерімен сөйлестік, дауыс беру тәртібі туралы сұрадық. Барлығы түсінікті түрде ұйымдастырылған. Қазіргі көріп отырғанымыз бойынша, дайындық жақсы деңгейде», – деді Челибаши.

Оның сөзінше, референдумның нақты бағасы дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана беріледі.

«Қорытындыны күн соңында ғана айтуға болады. Біз әлі бірнеше учаскеге барамыз. Бірақ қазіргі әсеріміз жақсы, бәрі тыныш әрі ретімен өтіп жатыр», – деді халықаралық бақылаушы.

Албаниялық комиссар референдумды демократиялық талаптарды нығайтуға бағытталған қадам деп бағалауға болатынын айтты.

БөлісуTweetБөлісуЖолдауБөлісуБөлісу
Алдыңғы мақала

ТАНЫМАЛ ӘНШІ ТӨРЕҒАЛИ ТӨРӘЛІ РЕФЕРЕНДУМДА ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ...

ЖАҢАҚОРҒАН ӘЖЕЛЕР АНСАМБЛІ ӨЗ ТАҢДАУЛАРЫН ЖАСАДЫ

Leave a Reply Cancel reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

ЕҢ КӨП ҚАРАЛҒАНДАР

  • Елордададағы спартакиадада жүлделі оралған спортшыларды қабылдады

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Табиғат – біздің үйіміз

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Директор – өзгерістер көшбасшысы

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Жеті гүл» фильмі қазіргі таңдағы өзекті тақырыптардың бірі.

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Әлемдегі ең қымбат футболшылар тізімі жарияланды

    0 Бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде  № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

Altyalash.kz сайтының мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз.

E-mail: altyalash00@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер

  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.

No Result
View All Result
  • Қазақша
  • Русский
  • Басты бет
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
  • Жаңалықтар
  • Жаһан жаңалықтары
  • Саясат
  • Қоғам
  • Экономика
  • Аймақ жаңалықтары
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Білім
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Фотогалерея

© 2025 / Altyalash.kz / Барлық құқықтар қорғалған.