Жайылма ауылының «Жайылма жауһарлары» әжелер ансамблі референдум учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасады. Өнерлі әжелер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан қалыс қалмай, азаматтық белсенділіктерін көрсетті. Жайылма ауылдық клубы жанынан құрылған «Жайылма жауһарлары» әжелер ансамблі 2019 жылы ұйымдастырылған. Топ құрамында 8 әже бар. Қазіргі таңда ауылдағы бірде-бір мәдени іс-шара бұл ансамбльдің қатысуынсыз өтпейді. Сонымен қатар, ұжым аудандық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, ауыл мәдениетінің дамуына өз үлестерін қосып келеді.

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ44VPY00041335 куәлігі берілді.