Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Новости

Мұз үстінде 40 адам құтқарылды

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару бөлімшелері материалдық-техникалық базаны нығайтуды жалғастыруда. Заманауи аэроқайықтар, катерлер, қарда жүретін көліктер, квадроциклдер және арнайы авариялық-құтқару техникалары су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белсенді қолданылуда.

Жаңа техниканы қолдану құтқарушыларға су айдындарын жылдам тексеруге, жұқа мұз басқан қауіпті учаскелерді анықтауға және төтенше жағдайларға уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді.

Өтімділігі жоғары  және мобильді техника жетуі қиын жерлерге жетуге мүмкіндік беріп, құтқару операцияларының тиімділігін арттырады. Жыл басынан бері 15 мыңнан астам рейд пен патрульдеу жүргізілді.

Профилактикалық жұмыс барысында құтқарушылар азаматтарға мұз үстіне шығудың қаупі туралы ескертіп, қауіпсіздік ережелерін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Заманауи техникамен қамтамасыз етілуі мен құтқарушылардың үйлесімді жұмысының арқасында қысқы кезеңнің басынан бері 40 адам, соның ішінде 15 бала құтқарылды, бұл халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралардың тиімділігін растайды.

Ұқсас жаңалықтар

Защищать природу нужно параллельно с развитием Алматинского горного кластера

admin_altyalash

ТОРЖЕСТВЕННАЯ ЦЕРЕМОНИЯ НАГРАЖДЕНИЯ РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА «ОТАНДЫ СҮЮ – ЖҮРЕКТЕН»

admin_altyalash

Айдос Сарым: Соцсети – это отсталая, маргинальная часть общества

admin_altyalash