Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
НовостиОбществоКультура

«Таза Қазақстан»: Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек егіледі

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Алматыда көгалдандыру және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл туралы қалалық Экология және қоршаған орта басқармасының өкілдері айтты.

2026 жылы шамамен 550 мың жасыл желек егу жоспарланған. Оның ішінде биіктігі 5-6 метрден асатын 7,2 мыңнан астам ірі ағаш, 500 мыңнан астам бұта және кесілген 40 мыңға жуық ағаштың орнына биіктігі 2-2,5 метр болатын көшеттер отырғызылады.

Көктемгі кезеңде 19 мыңға жуық жасыл желек егу көзделіп отыр. Оны шамамен 3,7 мың ірі көлемді ағаш және кесілген 15 мың ағаштың орнына егілетін тал бар.

Қазіргі уақытта 6 мыңнан астам жасыл желек егілді, оның ішінде 2,6 мың ірі ағаш және 4 мыңға жуық көшет отырғызылған.

Сонымен қатар, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Садықов көшесінің бойына биіктігі 5-6 метр болатын 80 ірі көлемді ағаш егу жоспарланып отыр.

«Көгалдандыру жұмыстары климаттық ерекшелік пен қалалық ортаны дамыту басымдықтарын ескере отырып, кезең-кезеңімен жүргізіледі. Негізгі назар өсімдіктердің жерсіну деңгейін арттыруға, төзімді түрлерді таңдауға және тұрғындар үшін жайлы жасыл кеңістік қалыптастыруға бағытталған», — деді Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасы басшысының орынбасары Мадияр Көжекеев.

Ұқсас жаңалықтар

Анар Бурашева стала первой казахстанкой, покорившей все семь высочайших вершин каждого из континентов

admin_altyalash

Добро пожаловать в мир гольфа с академией “Birdie” в Алматы!

admin_altyalash

Делегация Нацбанка во главе с Председателем Тимуром Сулейменовым в рамках участия в Весенних встречах Международного валютного фонда и Группы Всемирного Банка провела круглый стол с представителями торговой палаты США (US Chamber of Commerce).

admin_altyalash