Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Аймақ жаңалықтарыБасты жаңалықтарБілімЖаңалықтар

Тараз қаласында жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды

gov.kz

Тараз қаласында 10-11(12) сынып оқушыларына арналған қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі мәресіне жетіп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер салтанатты түрде марапатталды.

Білім бәсекесі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс мектептерінде оқытылатын қазақ тілі мен әдебиеті және Қазақстан тарихы пәндерін қамтыды. Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау, олардың ғылыми-зерттеу қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған сайысқа еліміздің барлық өңірлерінен іріктелген 270 оқушы қатысып, 121 жүлдені сарапқа салды.

Олимпиада барысында қатысушылар әдеби талдау жасау, тарихи деректерді саралау, тілдік мәдениетті меңгеру және ғылыми пайымдау дағдылары бойынша өз білімдерін көрсетті.

Зияткерлік дода қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен, сондай-ақ алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды. Атап айтқанда, 24 оқушы І орын, 38 оқушы ІІ орын, 59 оқушы ІІІ орын иегері атанды.

Айта кетейік, биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі еліміздің алты өңірінде өтуде. Жаратылыстану-математикалық бағыттағы олимпиада үш қалада ұйымдастырылып, оған 925 оқушы қатысып, 423-і жеңімпаз және жүлдегер атанды. Ал қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша 720 оқушы бақ сынауда.
Зияткерлік сайыс эстафетасын 9-13 сәуір аралығында Шымкент қаласы қабылдайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қоршаған ортаны қорғау – жай ғана ғылым емес, бұл болашақ үшін жауапкершілік

admin_altyalash

Алматыда есірткіні жасырын қойып кетуші ұсталды

admin_altyalash

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатарға мемлекеттік сапармен барды

admin_altyalash