Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарҒылым-БілімЖаңалықтарМәдениетРуханият

Қазақстандық ғалым Алтын Орда дәуірінің жаңа ескерткіштерін анықтады

фото:gov.kz

«Қазақстандық ғалымдарды білесіз бе?» айдарымыздың келесі кейіпкері – еліміздің ғылым саласының  дамуына үлес қосып жүрген жас ғалым, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінің Тарих, экономика және құқық факультеті, Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD Дарын Зайнуллаұлы Сагидуллаев.

Дарын Сагидуллаев М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетінде бакалавриат пен магистратураны тәмамдап, кейін Қазан федералдық университетінде «Археология» мамандығы бойынша аспирантураны аяқтады. 2023 жылы ғалым «Алтын Орда дәуіріндегі Солтүстік-шығыс Каспий аумағының тарихи географиясы» тақырыбында диссертациясын сәтті қорғады.

Бүгінде жас ғалым бірнеше ірі ғылыми жобалардың жетекшісі әрі орындаушысы. Атап айтқанда, ол Ғылым комитетінің жас ғалымдарға арналған гранттық жобасы аясында тарихи географияға арналған зерттеуді басқарды. Сонымен қатар Орал өзені бассейнінің ортағасырлық қалалық мәдениеті мен Орал өңірінің табиғи-ресурстық әлеуетін зерттеу бағытындағы бағдарламаларға қатысты.

Дарын Зайнуллаұлының ғылыми қызығушылығы – ортағасырлық Алтын Орда мемлекетінің ескерткіштері. 2022-2025 жылдары жүргізілген археологиялық барлау жұмыстары барысында бірнеше тарихи нысандар, соның ішінде екі ортағасырлық қоныс пен жерлеу орындары анықталды.

Ғалым сонымен қатар Батыс Қазақстан аумағындағы көне сауда жолдарын, ирригациялық жүйелерді зерттеу жұмыстарын жалғастырып келеді.

Оның еңбектері отандық және шетелдік ғылыми басылымдарда жарияланып келеді. Қазірдің өзінде 20-ға жуық ғылыми мақаласы жарық көрген, оның ішінде SCOPUS, ЖАК және БҒСБК базаларындағы журналдар бар.

Жас ғалымның жаңалықтары өңірдің мәдени-тарихи мұрасын терең тануға жол ашып қана қоймай, аймақтық туризмнің дамуына да серпін береді.

Ұқсас жаңалықтар

Елордалық спортшы конькимен жүгіруден әлем кубогында алтын жүлдегер атанды

admin_altyalash

Мемлекет басшысы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады

admin_altyalash

«Таза Қазақстан»: Алматыда 2026 жылы 550 мыңнан астам жасыл желек егіледі

admin_altyalash