Altyalash.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықтарЖаңалықтар

Жасанды интеллект және заманауи технологиялар қалай жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда жасанды интеллект қандай салаларда қолданылады.

2026 жылғы 16 сәуір күні Өскемен қаласындағы Oskemen Hub орталығында «Жасанды интеллект және заманауи технологиялар қалай жұмыс істейді. Бүгінгі таңда жасанды интеллект қандай салаларда қолданылады» тақырыбында танымдық экскурсия ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – мектеп оқушыларына жасанды интеллекттің жұмыс істеу принциптерін түсіндіру, сондай-ақ оның қазіргі қоғамдағы рөлі мен түрлі салалардағы қолданылу мүмкіндіктерін таныстыру болды.

Экскурсияға Глубокое ауданындағы «Опытноеполе жалпы білім беру мектебі» КММ және «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты. Қатысушылар Oskemen Hub орталығының қызметімен танысып, заманауи технологиялардың даму үрдістері туралы маңызды ақпарат алды.

Бағдарлама барысында оқушыларға жасанды интеллекттің білім беру, медицина, өндіріс, бизнес және IT салаларында қолданылуы туралы түсіндірілді. Сонымен қатар, олар интерактивті форматта түрлі технологиялық шешімдермен танысып, өз сұрақтарына жауап алды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың цифрлық сауаттылығын арттыруға, жаңа технологияларға қызығушылығын дамытуға және болашақ мамандық таңдауға бағыт береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанада шетелдіктердің тұруын көші-қон бақылауы қалай жүргізіледі

admin_altyalash

G-Park компаниясына Астанада құрылыс салуға рұқсат бермей отырмыз – Жеңіс Қасымбек

admin_altyalash

«Ұлы Жеңіс – ерлік пен даңқтың мәңгілік мұрасы» атты кең көлемді апталық кітап көрмесі өтті

admin_altyalash